
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің "100 кітап" жобасы аясында орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушысы Е.Е. Хайрушеваның ұйымдастыруымен 23 ақпан 2021 ж. Театр өнерінің кеші өтті. Іс-шара Физика-техникалық факультетінің "Физика" мамандығы бойынша 2 курста оқитын Түркіменстан студенттерімен өткізілді. Түркіменстаннан 2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 600 студент оқуға келді.
Іс-шара бағдарламасында М.Лермонтов атындағы Ұлттық академиялық орыс драма театрына бару және американдық жазушы Джон Стейнбектің туындысы "Тышқандар мен адамдар туралы" спектаклін тамашалау болды.
Театрға бару қарсаңында белсенді жұмыс жүргізілді: автор мен оның туындылары туралы жалпы ақпарат алу үшін М.Лермонтов атындағы ҰАОДТ-да баяндама дайындалды.
Спектакльдің мазмұны мен көтерілген мәселелердің жастар үшін тәрбиелік мәні зор, студенттер оны талқылауға белсенді қатысты.
Басқа жаңалықтар


