Факультетіміздің түлегі аудармашы Гаухар Омархановамен кездесу
2021 жылғы 12 ақпанда Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы «Гүлістан» үйірмесі, Иран телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының дикторы, әрі Pars Today Kazakh ақпарат сайтының аудармашысы Омарханова Гаухар Жұмағазықызымен онлайн кездесу өткізді. Г.Ж. Омарханова 2001‑2007 жылдар аралығында Шығыстану факультетінің ирантану бөлімінде білім алған. Ол Иран сәулет өнері, танымал тұлғалары, аңыз-әңгімелері, туристік көрнекі жерлері және т.б. тақырыптарда әдеби аудармамен айналысады. Аудармалары түрлі сайттар мен әлеуметтік желілерде жарияланып, көпшіліктің бағасын алуда. Атап өтер болсақ: Ақберек Елгезек «Мінәжат», Мақпал Жұмабай «Қара жәшік», Парвиз Бейги Хабибабади «Селт еткен» және бірқатар жас ақындардың өлеңдерін парсы тіліне аударған. Бұған қоса, Ерлан Жүніс, Қалқаман Сарин, Есей Жеңісұлы, Алпамыс Файзолла, Саят Әбенов және Танагөз Толқынқызы сынды ақындардың өлеңдері бар. Кездесу барысында мақтан тұтар түлектеріміздің бірі өзінің аудармалары туралы әңгімелеп, поэзияны аударудағы ерекшеліктерге тоқталды. Өз аудармаларын оқып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге ол парсы тілінен қазақ тіліне аударма жасауды да сөз етті. Нәтижесінде қатысушылар алдағы уақытта аудармашыларға арналған тренингтер мен семинарлар өткізу туралы ортақ пікірге тоқтады. «Гүлістан» үйірмесі ұйымдастырған бұл іс-шараға біздің студентерімізбен оқытушылардан бөлек Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ парсы тілі бөлімінің студенттері мен оқытушылары қатысты.