- Басты бет
- Жаңалықтар
- «5В051100 - Маркетинг», «6В04107 - Маркетинг» мамандықтары бойынша XIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада
«5В051100 - Маркетинг», «6В04107 - Маркетинг» мамандықтары бойынша XIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада
16.04.2021 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «ЦИФРЛЫҚ МАРКЕТИНГ: ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбында «5В051100 – Маркетинг», «6В04107 - Маркетинг» мамандықтары бойынша XIIІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтетінін хабарлайды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өтетін XIIІ Республикалық студенттік пән олимпиадасында (әрі қарай Олимпиада) «6В04107 - Маркетинг», «5В051100 – Маркетинг» мамандықтарының күндізгі оқу формасының 2-3 курс бакалавриат студенттері қатысады және іріктеу шарттарына сай келетін қатысушылар Олимпиаданың екінші (қорытынды) кезеңіне шақырылады.
Олимпиада бойынша уақыт дедлайны
|
Мерзімі |
Іс-шаралар |
Жауапты тұлғалар |
3 |
16.04.2021 ж. 9:00 - 16:00 |
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да онлайн форматта өтетін Республикалық Олимпиаданың екінші кезеңі |
Ұйымдастыру комитеті |
9:00-9:45 |
Қатысушыларды тіркеу |
Ұйымдастыру комитеті |
|
9:45 - 14:00 |
Олимпиаданың екінші кезеңін өткізу |
Ұйымдастыру комитеті |
|
14:00 - 15:30 |
Үзіліс |
Ұйымдастыру комитеті |
|
16:00 |
Екінші кезең бойынша қорытындылау және Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау |
Ұйымдастыру комитеті |
Бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық саласы бойынша проректордың қолы қойылған және елтаңбасы бар мөр басылған дипломмен марапатталады.
Қатысушыларды тіркеу үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат; студенттік құжат болуы керек. Команданың міндетті түрде жетекшісі болуы қажет.
Байланыс нөмірі:
Шуренов Нурсултан Бекетович +7707 690 0707
050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, ГУК 3Б, Экономика және бизнес жоғары мектебі, «Бизнес-технологиялар» кафедрасы, 213 кабинет, тел. +7 (727) 221-13-96.