COVID-19-ға қарсы Вакцинация. Коронавируспен күрестің халықаралық тәжірибесі.

28 сәуір, 2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің ZOOM платформасында «COVID-19-ға қарсы Вакцинация» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына Қазақстан мен Өзбекстанның жетекші ғалымдары, дәрігер-эпидемиологтары қатысты.

Онлайн кездесуді аша отырып, медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жанна Амантайқызы Қалматаева әріптестеріне осы іс-шараға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, университет және факультет туралы ақпаратты ұсынды.

Бұдан әрі ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының орынбасары, м. ғ. к. Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ ҚДСҰО қызметі және коронавируспен күрес бойынша жедел әрекет ету орталығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

ҚР ДСМ «ҚДСҰО СЭСжМҒПО» филиалы директорының жедел қызмет жөніндегі орынбасары Манар Смағұл, ҚР вакцинациялау туралы айтып берді. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпаннан басталғанын атап өтті. Қазақстан Республикасында КВИ-ға қарсы вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген Гам-Ковид-вак (Спутник V) вакцинасы пайдаланылады. Қазақстанда вакцинация ерікті түрде жасалады. Бүгінде вакцина екпесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, қабылдау бөлімшелерінің медицина қызметкерлері, санэпидқызмет қызметкерлері егілді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін Қазақстанда 10 миллион адамды егу жоспарланған.  

Өзбекстан Республикасын «Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің» бас иммунологы, Дилором Тұрсынованың баяндамасында айтылғанындай, Өзбекстанда жаппай вакцинация 1 сәуірде басталды. Бірінші кезеңде халық AstraZeneka және ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасымен егілді. Бастапқыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсынысы бойынша және Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес басқа елдердің тәжірибесін зерттей отырып, халық жұқтыру қаупі бойынша санаттарға бөлінді. Бұл санаттарға жұқтыру қаупі өте жоғары адамдарға кіретіндер – 65 жастан асқан адамдар, медициналық қызметкерлер, диспансерлік бақылауда тұрған созылмалы аурулары бар науқастар. Вакцинация орталық көпбейінді емханаларда, отбасылық емханаларда, отбасылық дәрігер пункттерінде және мобильді топтарда жүргізіледі. Вакцинацияны арнайы дайындалған және сертификатталған мамандары жүргізеді. Жалпы Өзбекстанда бірінші кезеңде 4 миллион 112 мыңнан астам адамды егу жоспарланған. Онлайн кездесудің қорытындысын тұжырымдай келе, қатысушылар COVID-19-бен күрестің өзекті мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді және бірлескен зерттеулер үшін бірқатар тақырыптарды белгіледі. «COVID-19-ға қарсы Вакцинация» дөңгелек үстелдің жұмысына – Өзбекстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бастығының орынбасары Нурмат Атабеков, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бас иммунологы Дилором Турсунова, Өзбекстан Республикасы вирусология институтының директоры Эркин Мусабаев, Өзбекстан Республикасы Ташкент медицина академиясының профессорлары мен оқытушылары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің директоры, ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының м. а., вирусолог-дәрігер Гаухар Нусупбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультеті жоғары медицина мектебінің директоры, профессор Раушан Исаева қатысты. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы министрліктерінің өкілдерімен кездесулердің толық жазбасы https://youtu.be/jNbECKvC-9E сақталған.