Ел есінде

2 мамыр, 2021

2021 жылдың 30 сәуір күні сағат 17.00-де шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Л. М. Алиярова, А. О. Бекалаева, Л. М. Махажанова, З. А. Тлеуғабылова және Nazarbayev University ғылыми қызметкері Р. Б. Есельбаевпен бірлесе отыра "Ел есінде!" атты іс-шараны өткізді. Бұл шара 9 мамыр күніне, яғни Кеңес Одағының II Дүниежүзілік соғыстағы жеңісінің 76 жылдығына арналды. Кездесу 1 курс студенттерінің қатысуымен үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті.

Жүргізушілер Төребеков Әлихан мен Есеналина Көркем іс-шараны 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан одақтас республика (Қазақ КСР) мәртебесінде КСРО-ның бір бөлігі болғаны, сондықтан республиканың 1941 жылы 22 маусымда Кеңес одағының аумағына фашистік Германия әскері басып кірген сәтінен бастап соғысқа кіргені жайлы тарихи фактілерден бастады. Қызыл Армия қатарына республикадан КСРО армиясында қызмет еткен 178 мың адамға қосымша 1 млн 200 мың адам шақырылды. Қазақстан жауынгерлері барлық шайқастарға қатысты.

Студенттер Көмек Әйгерім, Сұлтан Ұлмира "Соғыстан қайтқан сарбаздар"атты өлең оқыды. Махмұт Ақзер "Ұлы Отан соғысы"әнін шырқады. Мубаракова Диляра, Болатова Анель, Қанибек Әдема Ұлы Отан соғысының қатысқан өздерінің арғы аталары туралы айтып берді. Болатова Анель мен Налибаева Анар Қазақстанның батырлары туралы презентациялар дайындады.

Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерлігі үшін Қазақстаннан жүздеген мың жауынгері, соның ішінде 96 638 адам Қазақ КСРО-ның жауынгерлік ордендері мен медальдарымен марапатталды. 497 адам (оның ішінде 98 Қазақ) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олардың арасында қазақ қыздары - пулеметші Мәншүк Мәметова және мерген Әлия Молдағұлова бар. Қазақстандық ұшқыштар Т. Бегельдинов, Л. И. Беда, И. Ф. Павлов, С. Д. Луганский екі рет Кеңес Одағының Батыры атанды.

Қорытындылай келе, іс-шараны жүргізушілер соғыстан оралмаған соғыстарды еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялады.