Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған: «Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы: алғашқы қорытындылары мен келешегі» атты дөңгелек үстел өтті.

27 қазан, 2021

2021 жылғы 22 қазанда онлайн-режимде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған: «Қазақстанның ДСҰ-ға қатысуы: алғашқы қорытындылары мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасы, халықаралық қатынастар факультеті жанындағы «ДСҰ және халықаралық сауда құқығы» орталығы ұйымдастырды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан сауда-экономикалық дамуы саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан Республикасының 2015 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі ДСҰ-ға мүше мемлекеттермен халықаралық-сауда ынтымақтастығы үшін кең мүмкіндіктер ашты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – магистранттар мен докторанттардың халықаралық сауда құқығы мен ДСҰ құқығының өзекті мәселелері саласындағы диссертациялық зерттеулерінің негізгі ережелері мен нәтижелерін талқылау және талдау.

            Дөңгелек үстел жұмысына қатысуға ғылыми-педагогикалық және практикалық қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.

Дөңгелек үстелдің модераторлары «ДСҰ және халықаралық сауда құқығы» орталығының директоры PhD докторы Баймағамбетова З.М. және докторант Нуртай М.Н. болды.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., доцент Сайрамбаева Ж.Т.құттықтау сөз сөйлеп, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикалық және сауда мүдделерін қорғау және ілгерілету үшін экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту жөніндегі «Қазақстан – 2050» Стратегиясында қойылған міндеттерді іске асыру аясында ғылыми зерттеулерді жүргізу және талқылау маңыздылығын атап өтті.

Шақырылған қонақ – «Kazakh Holding» ЖШС Бас директоры Д.К. Базарбековтың сөз сөйлеуі үлкен қызығушылық тудырды. Ол өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, COVID 2019 пандемиясы кезеңінде зардап шеккен отандық кәсіпкерлерді қолдау және қорғау тетігін жетілдіру және ДСҰ мүшесі ретінде Қазақстанның мүдделерін халықаралық аренада ілгерілету қажеттігін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында келесі баяндамалар тыңдалып, талқыланды:

  • Ø  Тлеубеков Султан Торебекович,3 курс докторанты

«ДСҰ шеңберіңде ет дауларын классификациялау»;

  • Ø  Ахметова Асем Алтынбековна,3 курс докторанты

«Торговля зерном и международно-правовое обеспечение продовольственной безопасности в условиях пандемии COVID-19»;

  • Ø  Нуртай Мадина Нуртаевна, 2 курс докторанты

«Зияткерлік меншік саласындағы ДСҰ стандарттарын Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу»;

  • Ø  Фу Тин, 2 курс докторанты

«Многосторонние природоохранные соглашения и международная торговля для защиты выбросов парниковых газов»;

  • Ø  Сейітқанова Малика Бақытбекқызы, 2 курс магистранты

«Борьба с нарушениями прав на объекты интеллектуальной собственности в сети Интернет в рамках ЕАЭС»;

  • Ø  Талгатова Камила Саматкызы,2 курс магистранты

«Эффективность механизма разрешения споров ВТО для Казахстана, как для члена ВТО»;

  • Ø  Ерболов Данияр Ерболович, 2 курс магистранты

«Демпингке қарсы шараны әрекет ету уақытының өтуімен байланысты қайта қарау»;

  • Ø  Жалғас Дария Нұрланқызы, 2 курс магистранты

«ДСҰ аясындағы демпингке қарсы тексеру жүргізудің ерекше алғышарттары»;

  • Ø  Жұбатқан Айбарша Казизбекқызы,2 курс магистранты

«Антидемпингтік шараларды қолданудың мәні мен тәртібі»;

  • Ø  Турсынбаева Айсана Абдрамановна,2 курс магистранты

«Правовой механизм платежных систем РК и КНР».

 

Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсыныстар мен тәжірибелік ұсынымдар әзірленді, олар ғылыми басылымдарда жарияланып, магистрлік және докторлық зерттеулер шеңберінде қорғалады.

Дөңгелек үстел қызу пікірталаста мазмұнды әрі танымды өтті.

Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, қызықты және мазмұнды презентациялары үшін алғыс айтамыз!