Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын республика көлемінде атап өтуге байланысты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, Алматы қаласы әкімдігі өкілдері, жетекші тарихшы, саясаттаушы, ғалымдар мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақ Елінің жаңа дәуірі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Конференцияда Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтағы алатын орны және маңызы сыртқы саяси қатынастарының қалыптасу үдерісін зерттеу аспектісінде қарастырылды. Конференция барысында оқиғалардың тарихи маңыздылығы, жекелеген тұлғалардың Тәуелсіздік тарихына қосқан үлесі ашылды. Сонымен қатар, саяси, құқықтық, мәдени, әлеуметтік салаларды зерттеуге байланысты зерттеулерге негізделген ғылыми гипотезалар мен қорытындылар қарастырылды және талданды.