Шығыстану факультетінің негізі 1989 жылы қаланды. Алайда университет қабырғасында шығыс тілдерін зерттеу (соның ішінде араб тілі) ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастау алады.
Факультетте Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия; Қиыр Шығыс; Қытайтану және ТҮРКСОЙ кафедралары белсенді түрде жұмыс істейді. Факультетте сегіз шығыс тілі: араб, парсы, қытай, корей, түрік, жапон, хинди және урду, сондай-ақ екі батыс тілі: ағылшын және француз тілдері оқытылады. Факультеттің оқытушы-профессорлар құрамы 130-дан астам адамды құрайды. Олардың ішінде 10 ғылым докторы мен профессор, 25 ғылым кандидаты мен доцент, 28 PhD докторы бар.
Жыл сайын факультетте Қытай, Араб елдері, Иран, Жапония, Түркия және Оңтүстік Кореяның жетекші университеттерінің профессорлары шығыстанудың қазіргі заманғы бағыттары бойынша лекциялар оқып, шеберлік сағаттарын жүргізеді.
Факультетте арабтану орталығы, М.Ганди атындағы орталық, М.А.Жинна атындағы орталық, (Ирантану орталығы, Иран-Тұран орталығы, Тәжік тілі мен мәдениетінің орталығы, «Әл-Китаб» орталығы, «Жазба жәдігер және рухани мұра» орталығы, Әзірбайжан тарихы мен мәдениеті орталығы, Халықаралық корейтану орталығы, Азиялық зерттеулер институты, «Хангук» ғылыми-зерттеу (білім беру/консалтингтік) орталығы, Орталық Азия мен Жапонияны зерттеу бойынша ғылыми-білім беру орталығы (Цукуба университетінің Алматыдағы кеңсесі), Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы сынды ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді.
ФАКУЛЬТЕТ МАМАНДЫҚТАРЫ
Бакалавриат
6В02207 – Шығыстану
6В02301 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
6В02302 – Аударма ісі (шығыс тілдері)
Магистратура (1, 2 жыл)
7М02217 – Шығыстану
7М02310 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
7М02302 – Аударма ісі (шығыс тілдері)
7М03115 – Аймақтану (шығыс тілдері)
PhD докторантура (3 жыл)
8D02209 – Шығыстану
8D02305 – Шетел филологиясы (шығыс тілдері)
8D02301 – Аударма ісі (шығыс тілдері)