Қабылдау комиссиясы қарқынды жұмыс істеуде
15 шілде, 2022
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабылдау комиссиясына өтініш білдірген талапкерлердің жалпы саны 451 адамды құрады. Оның 429-ы офлайн, 22 адам онлайн қабылданды. Қабылданған құжаттар саны 318.
Сонымен қатар, ақылы оқу түріне құжаттарды қабылдау жүргізілуде.
15 шілдеде бакалавриат бойынша 10 адам ақылы негізде оқуға құжат тапсырды.
Бұл күні құжат тапсырушылар саны бойынша ақпараттық және механика-математика факультеттері басымдыққа ие болды. Ал 14 шілдеде шығармашылық журналистика факультеті алға шыққан болатын.
Айта кетсек, 13 шілдеде басталған ЖОО-ға құжат қабылдаудың алғашқы екі күнінде жалпы саны 1131 талапкерге қызмет көрсетілді. 744 мемлекеттік грантқа үміткердің құжаты қабылданып, 387 адамға кеңес берілді.
Басқа жаңалықтар
28 қараша, 2024
28 қараша, 2024
28 қараша, 2024