«Қазақстан Елінің Тілдері Күні»

2022 жылдың 7 қыркүйегінде шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Ә.К. Шаяхмет пен Ә.Ж. Өтетілеуова, дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы М.К. Мырзағалиева университетіміздің Тілдер Аптасы шеңберінде «Қазақстан Елінің Тілдері Күні» атты іс-шарасын өткізді. Тілдер фестивалі ретінде өткізілген шараға шығыстану және халықаралық қатынастары факультеттерінің бакалавриат студенттері белсенді қатысты.
Қазақ домбыра күйін шертіп (А.Болатова, А. Марлен), түрік және орыс тілдерінде өлең мен тақпақ оқып (А.Саяхатов, Г.Узакбаева, Ұ.Қасым, Н.Байғалиева), түрік, ағылшын, француз, корей әндерін салып (А.Асан, А.Болат, А.Бекасылова, А.Нугуманова, С.Спан, Б.Хамитова, Р.Амангельдиева, А.Арыстанбекова, Ж.Турсунбекова, К.Советхан), ұлттық би билеп (А.Асқар, А.Қыдырхан, Н.Көктеубай, С.Ибрагимова, З.Утегенова) студенттер тілдер фестивалін атап өтті; тіпті латын тілінде Гаудеамусты шырқап шықты (А.Бекасылова, А.Мұрат, Н.Сейдалы, А.Берикова, А.Джайлибаева, А.Меңлибек, Г.Муратбек, Н.Мырзагалиева, Д.Гибатоллаева, Ә.Серікбай, Ә.Аскарова). Ал іс-шараны жүргізген үздік студенттер А.Тілеу (шығыстану) мен Н.Байғалиева (халықаралық қатынастары) қазақ, ағылшын, орыс тілдерін еркін қолданды.
Басқа жаңалықтар


