
Әль-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасында 30-шы қыркүйек күні аудармашылар күніне орай tarzhiman club-тың ұйымдастыруымен "Аудармашы мәртебелі мамандық"атты салтанатты іс-шарасы өтті.
30-шы қыркүйек- халықаралық аудармашылар күні. Осыған орай жас аудармашылар кәсіби мерекені атап өту мақсатында,болашақ мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында кеш өткізді. Іс-шара барысында 1-ші курс студенттері аудармашылар клубына қабылданды.
Ұйымның тарихын,жетістіктерін,мақсаттары мен міндеттерін қамтитын слайд көрсетілді,аударма ісі жайлы сұрақтар қойылып,ойындар ойнатылды.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, түрлі мемлекеттік тапсырыстар аясында Т.Уайлдер, Ф.Кафка, А.Маршалл, А.Рюноскэнің шығармаларын аударған, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі. Ғылым магистрі,жазушы,аудармашы және әдебиеттанушы Айнагуль Садыкова сөз сөйлеп,аударма ісінде тәжірибенің,еңбектің және таланттың рөлі аса маңызды екенін айта кетті,сонымен қатар, студенттерге табыс пен сәттілік тіледі.
“Аударма ісі” мамандығының барлық студенттері өздерінің шығармашылық және кәсіби өнерлерін көрсетті. 4-ші курс студенттері Б.Асем,Ө.Аружан,С.Айзере,Т.Ақбота, Ә.Жания,Е.Айнұр 1-ші курс студенттеріне өз тілектері жазылған тәттілер таратты.
Іс-шараны клуб жетекшісі,доцент Л.Мұсалы қорытындылап,аудармашы шын мәнінде мәртебелі де,абыройлы мамандық екенін атап өтті.
Басқа жаңалықтар


