Аударма сапасын тыңдағандар жақсы бағалады

7 қазан, 2022

 

  • 160-тан астам студент бір мезетте медиа, коммуникация, журналистика және PR туралы микс форматта жаттығуларды орындап, ұтысқа қатысып, жаңа гаджеттерді тестілеп те үлгерген шеберлік сыныбында синхронды аударма жасадым. Бұл менің аударма ісіндегі алғашқы тәжірибем.
  • Және синхронды аударма жасау үшін кемінде 2 маман жұмылдырылады. Халықаралық талаптарға сай синхронды аудармашы 40 минут үзіліссіз аудара алады. Ары қарай кезектесе аудару керек. Менің синхронды аударма пультындағы жұмыс уақытым 1 сағат 30 минутқа ұласты.

  • Ең ұзақ және ең жауапты тәжірибенің бірі болды. Аударма сапасын тыңдағандар жақсы бағалады. LG Electronics Almaty Kazakhstan PR компания және корпоративті маркетинг бойынша директоры Наталья Новикова ханымға рақмет.

Профессор Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы