Оқыту семинарлары мен курстары

10 қазан, 2022

Білім беру курсының атауы

Оқытушының аты-жөні

Курстың қысқаша мазмұны

Оқыту тілі

1

Шешендік өнердің негіздері және спичрайтинг

Темірболат А.Б., филология ғылымдарының докторы, профессор;

 

Тілеубаев С.Б., филология ғылымдарының кандидаты

1. Көпшілік алдында сөз сөйлеудің құрылымы.

2. Сөйлеу техникасы мен мәдениеті. Вербалды емес коммуникация құралдары.

3. Шешендік сөздердің түрлері. Іскерлік және тұрмыстық сөйлеудің ерекшеліктері.

4. Сөйлеу психологиясы.

5. Спикердің бейнесі және көпшілік алдында сөйлеуге дайындық ерекшеліктері.

6. Берілген тақырып бойынша баяндама жазудың ерекшеліктері.

Қазақша, орысша

2

Көркем шығармаларды талдау әдістемесі және оқушылар мен студенттердің ғылыми жобаларын дайындау принциптері

Темірболат А.Б., филология ғылымдарының докторы, профессор

 

1. Көркем шығарманы талдау кезеңдері.

2. Жазушының шығармашылығын зерттеудің және әдебиет туындыларын талдаудың негізгі әдістері мен тәсілдері.

3. Тақырыпты таңдау және оның өзектілігі мен ғылыми жаңалығын негіздеу.

4. Ғылыми зерттеулердің құрылымы.

5. Ғылыми зерттеулерге қойылатын талаптар.

Қазақша, орысша

3

Мектепте мифтерді оқытудың әдістемелік тәсілдері

Мәуленов А.А., филология ғылымдарының докторы, доцент м.а.

1. "Миф" ұғымының мазмұны.

2. Мифтің пайда болуы және оның негізгі түрлері.

3. Мифтерді зерттеу әдістемесі.

4. Орта мектептерде мифті оқыту принциптері.

5. Мифтерді зерттеу және талдау процесінде қолданылатын инновациялық технологиялар.

Қазақша

4.

Түркі мифологиясының әлемдік мифтермен үндестігі мен ерекшеліктері.

Мәуленов А.А., филология ғылымдарының докторы, доцент м.а.

1. Түркі мифтерінің негізгі сюжеттері мен бейнелері.

2. Еуропалық және шығыс халықтарының мифтері.

3. Әлемдік мифология: сюжеттердің, сарындардың байланысы мен үндестігі.

Қазақша

5.

Ежелгі әдеби мұраларды оқытудың әдістемелік негіздері

 

Сарбасов Б. ф.ғ.к., профессор м.а.

 

1. Көне түркі ескерткіштерінің зерттелу тарихы.

2. Көне әдеби мұралардағы хандар мен батырлар бейнесі.

3. «Оғыз-наме» эпосының тарихи негіздері

4. Көне мұралардағы символдық бейнелердің мәні мен маңызы.

Қазақша

6.

Түркі ескерткіштеріндегі сарындарды зерттеудің әдістері

 

Сарбасов Б. ф.ғ.к., профессор м.а.

 

Фольклорлық мотивтердің түрлері, зерттелуі.

Түркі ескерткіштеріндегі ғажайып туу мотиві.

Батырлық жырлардағы жар іздеу мотиві.

Қаһармандық эпостардағы түс көру мотиві.

Қазақша

7.

Шетелдік басылымдардағы ғылыми жарияланымдар

Даутова Г.Р. PһD, доцент м.а.

1.Ғылыми мақаланың құрылымы.

2.Ғылыми жарияланымдарға қойылатын негізгі талаптар.

3.Scopus, Web of Science дерекқорына кіретін журналдарда жариялау үшін ғылыми мақаланы дайындау кезеңдері.

Қазақша

8.

Көркем шығармаларды талдау әдістемесі

Оспанова Г.Т., филология магистрі

1. Көркем шығармаларды талдаудың принциптері мен әдістері.

2. Көркем шығарманың мазмұны мен құрылымы.

Қазақша

9.

Қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық әдістері

Оспанова Г.Т., филология магистрі

1. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері.

2. Қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар.

 

Қазақша

10.

Филология және смарт-технологиялар

Оспанова Г.Т., филология магистрі

1.Қазіргі кезеңдегі филологиялық пәндерді оқыту мәселелері.

2.Смарт-технологиялар туралы түсінігі.

3.Филологиялық пәндерді оқыту процессінде смарт-технологияларды қолдану ерекшеліктері.

Қазақша

11.

Онлайн білім берудің жаңа технологиялары. ЖАОК дайындау.

 

Шегебаев А.М., филология магистрі

1. Онлайн білім беру ерекшеліктері.

2. Білім беру процесінде қолданылатын компьютерлік технологиялар.

3. ЖАОК әзірлеу: принциптері мен талаптары.

Қазақша

12.

Ағылшын тілі

Шегебаев А.М., филология магистрі

1. Грамматика негіздері.

2. Ауызекі сөйлеу.

Қазақша

 

Курстарда оқу ұзақтығы – 3 апта.

Сабақтар аптасына 2-3 рет өткізіледі; теориялық оқыту мен практикалық сабақтарды қамтиды.

Курс аяқталғаннан кейін қорытынды тапсырманы сәтті тапсырған жағдайда сертификат беріледі.