БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН

2022 жылдың 15 қарашасында Философия және саясаттану факультеті 1 курс магистранттары «Әділетті Қазақстан» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шара 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президенттік сайлау тақырыбына арналды. Студенттер іс-шара барысында Президентікке үміткер кандидаттар мен олардың сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды және әрбір үміткер ұсынған басты мақсаттарды талқыға салды.
Студенттер Президенттікке үміткерлер атынан немесе олардың өкілдері ретінде бағдарламаларын көпшілікке ұсынып, презентациялар дайындады. Қатысушылар тарапынан үміткерлерге сұрақтар қойылды. Іс-шараның екінші бөлімінде қатысушылардың білімдерін сынау мақсатында викторина ойнатылды. Викторина сұрақтары сайлау жүйесіне байланысты, және Қазақстан Республикасының Конституциясы, ішкі және сыртқы саясаты тақырыптарын қамтыды. Шараға қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтарға дұрыс жауап тауып, білімдерін көрсетті.
Ұйымдастырушылар: шет тілі кафедрасының аға оқытушылары: Айсултанова К.А., Джамалдинова М.Т., Алмабаева Г.Б., Оразаева Г.А., Есенаманова К.М., Әлмұғамбетова М.С.
Басқа жаңалықтар


