«Болашаққа қадам» атты халықаралық студенттік форум өтті

2022 ж қыркүйек айында Бес мемлекеттің, атап айтсақ, Жапония, Германия, Түркия, Қазақстан, Болгария университеттері арасында Erasmus+ қорының негізінде магистратура деңгейіндегі “Intercultural Communication along the Eurasian Axis” ортақ білім беру бағдарламасын дайындау мәселесі талқыланған болатын.
Сол кездесу кезеңінде осы жобаның бастамасы ретінде осы елдердің студенттері арасында студенттік форум өткізу жоспарлаған болатын. 17-18 қараша 2022ж Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, София Университеті (Болгария), Чанакале Университеті (Түркия), Мәскеу қалалық университеті (Ресей) студенттерінің арасында «Болашаққа қадам» атты халықаралық студенттік форум өтті. Әр университет атынан төрт студенттен қатысты. Форумға қатысушылар кездесу барысында «жапон бөлімі студенттерінің бір күні» тақырыбында алдын ала дайындаған видеоларын ұсынды. Ол видеода әр университетің білім алушылары өздерінің студенттік өмірлері жөнінде ақпарат беріп, 7 минутқа созылатын видеоны ұсынды. Видеоны тамашалағанан кейін әр университет өкілдері өз сұрақтарын қойып, әр елдегі студенттердің жоғары оқу орнындағы тіршілігі мен оқу үдерісі жөнінде әңгімелеп берді.
18 қараша форумның екінші күні қатысушы студенттер 3 топқа бөлініп, әр қайсысына бір бір модератор белгіленді. Әр топ «жапон бөлімінің болашағы» тақырыбында 5 минутт уақыт көлемінде өз ойларын ұсынып, бір-біріне сұрақтар қойып, жапон тілі мен оның шет елдердегі болашағы туралы ұсынылған ойлары бойынша қорытынды жасады. Соңынан барлық топ бірге жиналып, әр топтың модераторлары өз тобының осы тақырып бойынша айтқан ойлары мен топтың жасаған тұжырымдамаларын ұсынды. Жалпы 3 топтың тұжырымдамалары қортындыланғаннан кейін жалпы талқылау өткізілді. Форумда түрлі елдердегі жапон тілін оқитын студенттер өзара танысып, жапон тілін оқу тәжірибелерімен бөлісіті. Берілген кездесу әр елдің ерекшелігін байқататын нәтижелі іс- шара болды деп есептейміз.
Басқа жаңалықтар

