Қазақстанның қалаларыFarabi University

Қазақстанның қалалары

18 қараша, 2022

2022 жылы 18 қарашада филология факультетінің шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Қазақстан қалалары» тақырыбында Химия және химиялық технология факультетінің 1-ші курс, тарих, археология және этнология факультетінің 4 курс, биология және биотехнология факультетінің 1 курс студенттерімен танымдық іс-шара өткізді. Бұл іс-шара екі тілде өтті: ағылшын және неміс. Іс-шара химия және химиялық технология факультетінің 221 аудиториясында өтті.

Іс-шараға қатысушылар кең байтақ еліміздің қалалары туралы қызықты және түрлі-түсті презентациялар дайындады, әр қаланың көрікті жерлері туралы таңғажайып бейнероликтер түсірді. Қазақ бөлімінің 109 тобының студенттері ағылшын тілінде туған жерлері туралы жарнама түріндегі жарқын және әзіл-қалжыңға толы шағын баяндамалар дайындап, музыкалық бейнероликтермен сүйемелдеді. Орыс бөлімшесінің ХИ 101, «Наноматериалдар және нанохимия» 101 топ студенттері, қазақ бөлімшесінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» 102 және ХИ 109 топтары Солтүстік, Оңтүстік және Батыс Қазақстан қалалары туралы ағылшын тілінде түрлі-түсті презентациялар көрсетті. Іс-шарада неміс тілінде де қойылымдар көрсетілді. Неміс тілді студенттер көптеген жарқын және қызықты баяндамалар дайындады. Олар неміс халық биін орындап, әйгілі неміс ақыны Генрих Гейненің өлеңін оқып, Германия қалалары туралы презентация дайындап, Қазақстан қалалары бойынша викторина өткізді. Тарих факультетінің студенті Рауан Бетховеннің «Елизаға» пьесасының фортепианалық орындауында бейнеролик ұсынды. Орыс бөлімінің «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» 101тобының студенттері де ағылшын тілінде «Қазақстан қалаларының көрікті жерлері» тақырыбындағы өздерінің бейне жобасын ұсынды. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»101 тобы мен «Азық-түлік химиясы» 101 тобының студенттері Қазақстан қалалары туралы диалог түрінде, ағылшын және орыс тілдерінде «Менің Қазақстаным» өлеңін оқыды. ХИ 103 топ студенттері қазақтың «Шашу» ұлттық биін орындап, көрермендердің көңілінен шықты. Сондай-ақ іс-шарада неміс және ағылшын тілдерінде ән шырқалып, қазақ бөлімінің 103 және 105 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» топ студенттері дайындаған спорттық би көрсетілді. «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» 101 тобының студенттері іс-шара соңында Қазақстан қалалары туралы орыс тілінде ән шырқады.

   Бұл шараға химия және химиялық технология факультетінің деканы Галеева Алина Құлбайқызы қатысты. Ол ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін алғыс айтып, студенттерге құттықтау сөз сөйледі. Алина Құлбайқызы өз сөзінде шет тілдерін үйренудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол студенттерді бағдарлама аясындағы білім алу мүмкіндіктерімен таныстырды. Сөз соңында Алина Құлбайқызы 1 курс студенттеріне сәттілік тілеп, жас маманның болашақ табысының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болғандықтан шет тілдерін оқып, үйренуге көбірек көңіл бөлуге кеңес берді. Іс-шара доцент, филология ғылымдарының кандидаты Мулдағалиева Айжан Айдынғалиқызының сөзімен аяқталды. Айжан Айдынғалиқызы студенттер алдында ағылшын тілінде сөз сөйледі. Ол олардың тамаша өнерлері үшін жоғары баға беріп, болашақ маман үшін шет тілін білу маңызды екенін тағы бір мәрте атап өтті. Шара соңында ұйымдастырушылар студенттерге тәттілер таратып, естелік суретке түсті.

 

Ұйымдастырушылар: аға мұғалімдер: Мулдагалиева А.А., Махметова Д.М., Жиреншина К.А., Луговская Е.И., Дүйсенбаева Ш.С., Қайрақбаева Г.С., Несіпбаева З.С.

 

IMG_1874.MOV

IMG_6996.MOV

IMG_6983.MOV