Әуезов апталығы. М.О. Әуезовтың Үй-мұражайына баруFarabi University

Әуезов апталығы. М.О. Әуезовтың Үй-мұражайына бару

29 қыркүйек, 2022

"Әуезов апталығы" аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының ұжымы жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына125 жыл толуына орай студенттерді жазушы өмірінің соңғы он жылын өткізген Әуезов мұражай-үйіне экскурсияға апарды. Кафедра оқытушылары мен студенттерді мұражай қызметкерлері қарсы алды. Мұражай гиді Салтанат ханым балаларға М.О.Әуезовтің өз қолымен отырғызған бағын көрсетіп, жазушының жүз жылдығына арнайы ашылған жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме залын таныстырды. Көрме залынан шығып студенттер жазушының екі қабатты үйін аралады.  Студенттер жазушының өміріндегі қызықты әрі деректі дүниелермен танысып, М.О.Әуезов мұражай-үйіне жасаған экскурсиянан ерекше әсер алды.