ҚазҰУ студенттері Алматыдағы Францияның бас консулымен кездесу өткіздіFarabi University

ҚазҰУ студенттері Алматыдағы Францияның бас консулымен кездесу өткізді

10 қараша, 2022

2022 жылдың 10 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында филология факультеті студенттерінің Алматыдағы Францияның Бас консулы және саяси ғылымдар докторы Фабрис Невеу мырзамен кездесуі өтті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің студенттері Францияның Алматыдағы Бас консулы, саясат ғылымдарының докторы Фабрис Невеу мырзамен «Le pays de Marianne au sein de l’Université». тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуге Франциядағы CampusFrance білім беру бюросының мамандары Елена Гаврилова мен Назерке Калынова да қатысты.

Шара француз университеттері мен Франциядағы білімнің тұсаукесерімен басталды. Студенттер Франциядағы жоғары оқу орындарына түсу ережелерімен, Францияның білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ шәкіртақы бағдарламаларымен танысты.

Сонымен қатар, студенттер Невеу мырзаға әңгімелесіп, сұрақтарын қойды. Кездесу Францияның Алматыдағы Бас консулына университет құрылысының макетін және болашақ жобасын таныстырумен аяқталды.

Айта кетерлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің студенттері бірінші және екінші шет тілдері қатарында француз тілін оқиды. Францияның Бас консулымен кездесуге «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтарының студенттері қатысты.