«Қазақстанда “Үш тұғырлы тіл” саясаты ақталады ма?»

8 november, 2011

«Қазақстанда Үш тұғырлы тіл саясаты ақталады ма?»

Өткізілген уақыты: 24/09/2010 ж.;

Өткізілген орны: Механика – математика факультеті, 311 аудитория;

Ұйымдастырушылар: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының 1 курс студенттері және эдвайзерлер Тусупова К.Б., Шормакора А.Н.;

Қатысушылар: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының 1 курс студенттері;

Келген қонақтар: Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Давлетова С.А., «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға эдвайзері Рахимова Д.Р. және «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының эдвайзері Қожанова А.М.;

Елбасы Н. Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес « 22 кыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді. Осыған орай Ақпарттық жүйелер мамандығының 1 курс студенттері екі топқа бөлініп «Қазақстанда «Үш тұғырлы тіл» саясаты ақталады ма?”» – тақырыбында пікір сайыс ұйымдастырды.

«Үш тұғырлы тіл» саясаты - ақталмайды позициясын ұстанған «Алаш» тобының студенттері: Сабырова Таңшолпан, Жанбырбаев Жандос, Амитов Бекжан, Тұрлыбеков Райымбек.

«Үш тұғырлы тіл» саясаты - ақталады позициясын ұстанған «Азамат» тобының студенттері: Ақжигит Қаламқас, Эпизот Перизат, Джамалбекова Ақерке.

Кіріспе сөз Тусупова К.Б.: Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Тілден биік асқар жоқ,

Тілден асқан байлық жоқ,

Тілден терең теңіз жоқ. – деп

Ғ. Мүсірепов ағамыз айтқандай, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының мерекесіне арналған пікір сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Алғашқы сөз «Алаш» тобына беріледі, уақыттарыңыз 4 мин..

«Алаш» тобының мүшесі Сабырова Таңшолпан өз ойын айтуда.

Тусупова К.Б.: Келесі сөз кезегі «Азамат» тобы, сіздерге беріледі. Ойларыңызды нақты және жинақы жектізіңіздер. Уақытыңыз 4 мин.

«Азамат» тобының мүшесі Ақжигит Қаламқас өз ойын айтуда.

Тусупова К.Б.: Үлкен рахмет! Ортамызда 1б тобының студенті Баязит Сұлтан қазақ тіліне арнап өзі өлең шығарған екен, енді соны тыңдасақ!

Баязит Сұлтан өз шығаруындағы өлеңін мәнерлеп оқуда

Тусупова К.Б.: Үлкен рахмет! Ендігі бөлім сұрақ – жауап бөлімі. Екі топ бір – бірлеріңізге сұрақтарыңыз болса қоюларыңызға болады.

1 сұрақ «Азамат» тобының сұрағы: Сіздердің ойыңызша Қазақстанда «Үш тұғырлы тіл» саясаты ақталмайды ма?

2 сұрақ «Алаш» тобының сұрағы: Қазақ тілін жетік меңгере алмай жатып басқа тілдерді де меңгереміз деп, мақалмен айтсақ, екі кеменің артынан ұстаймын деп суға кетіп қалмаймыз ба?

3 сұрақ «Азамат» тобының сұрағы: Ағылшын және орыс тілдерін дамытпаймыз десек, Қазақстан қалай дамыған елу елдің қатарына қосылады?

4 сұрақ «Алаш» тобының сұрағы: «Үш тұғырлы тіл» аясында орыс тілі мен ағылшын тілі алға шығады да, қазақ тілі бірте-бірте қимыл-қозғалысын тоқтатады деген пікірге қалай қарайсыздар?

Екі топтың бір-біріне сұрақ қою кезеңі

Тусупова К.Б.: Екі топ бір – бірлеріне қойылған сұрақтарына қанағаттандырарлықтай жауап алды, енді аудитория сіздердің сұрақтарыңыз болса қойыңыздар.

Бірінші студент: Оқу барысында бізге беріліп жатқан кітптардың жартысынан астамы орыс және басқа тілдердегі әдебиеттер, сонда осы жайдайға не айтпақсыздар?

Рахимова Д.Р.: Аударылып жатқан интернационалды сөздердің сапасына қалай қарайсыздар? Жалпы аударудың қажеті бар ма?

Давлетова С.А.: Неге қазіргі жастардың 80% астамы орысша сөйлеп, орысша ойлайды деп айтасыздар? Осыған байланысты өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Аудиторияның сұрақ қоюы

Тусупова К.Б.: Аудиторияға және екі тобқа улкен рахмет, ендігі кезекте 4а тобының студенті Чапайқызы Ақбөбек пен 2а тобының студенті Файзулла Айғаным, ақын ағаларымыздың тілге арнаған өлеңінен үзінді оқып берсін.

Чапайқызы Ақбөбектің өлеңді мәнерлеп оқуы

Чапайқызы Ақбөбек

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Файзулла Айғанымның өлеңді мәнерлеп оқу кезеңі

Файзулла Айғаным:

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана,

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

Туған жері-түп қазығы, айбыны,

Туған тілі - мәңгі өнеге айдыны,

Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы.

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

Тусупова К.Б.: Ақбөбек пен Айғанымға рахмет. Енді екі топ болған ойынға сараптама жасап өтсеңіздер, өз ойларыңызды нақты және жинақы жеткізсеңіздер. Уақыттарыңыз 4 минуттан, уақыттарыңызды тиімді пайдаланыңыздар.

Екі топ өз ойларын қорытындылауда.

Тусупова К.Б.: Соңғы сөз кезегі сайысымыздың қонағы, деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Давлетова С.А. беріледі.

Сауле Анеровна сөз сөйлеуде.

Екі топ қатысушылары мен өлең оқыған студенттерге азын – аулақ сыйлықтар тарату кезі.



Other news

26 november, 2024
26 november, 2024
26 november, 2024