«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси апталық газет
«Экономика» жинағы жарық көрді
- «21 томдық Қазақстан қандай ел, болашағы қандай, қандай өзгерістер болады және жаһандық үдерістерге қалай жауап беру керек деген сұрақтарға жауап береді. Ел алға жылжу үшін күн көріс жағдайы, тұрғын үй мәселесі, еңбек төлемақысы сияқты жағдайларды онтайландыруымыз қажет. Өнімді өзіміз өндірмей, өспейміз. Осы тақырыптар кітап мазмұнын ашады», - деді ғалым-экономист, академик, қоғам қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, БжҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының директоры, Қазақстан Ғалымдар одағының президенті Оразалы Сәбден Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздігіне орай 21 томдық «Экономика» атты еңбегінің тұсаукесер кешінде сөйлеген сөзінде. Шара бұрнағы еүі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де болып өтті.
Көп томдықта Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, бүгінге дейінгі экономикалық серпілістер мен өз кезегінде орын алған дағдарыстар қамтылған.
Еңбекте болашақтағы экономиканың негізін құру, жаңа технологиялар, идеялар мен тәсілдерді қолдану, инновациялық даму және бәсекеге қабілеттілікті көтеру, өндірісті модернизациялау және диверсификациялау сынды мәліметтер беріліп, мысалдар келтіріледі. Сондай-ақ, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген кітапқа іргелі монографиялар, оқулықтар, мақалалар жинағы, ел Президенті, қазақстан Үкіметіне және Парламентіне жазылған хаттар екен.
Салтанатты кешке қатысқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов «Экономика» жинағын көп жылдық еңбектің көлемді жемісі деп бағалады да:
- Автордың еңбегі Тәуелсіздік алған кезеңдегі ел экономикасынан бастап әңгіме етеді. Мұнда ел Тәуелсіздігінің қалыптасуы, өркендеуі кеңінен қарастырылған. Осы тұрғыдан да ол жас ғалымдарға, магистранттарға, докторанттарға және экономистерге таптырмас құнды дүние, - деп, өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ, автор 21 томдықта мемлекеттік деңгейде 3 аудит құру қажеттігін алға тартты. Автордың пікірінше, олар, біріншіден, мемлекеттік шығындармен жұмыс, екіншіден, технологиялық деңгейлерді саралау болса, үшіншіден, рухани дүниелерді жаңғырту жұмыстарымен айналысуболып табылады.
Кешке, сонымен қатар, академик Аманжол Кошанов, ҚР ҰҒА академигі, ҚазҰУ профессоры Сағындық Сатыбалдин, университет ұстаздары мен студенттері қатысты.
Айкерім РАИСҚЫЗЫ