
2022 жылғы 25 қарашада география және табиғатты пайдалану факультетінің 1 курс студенттерімен Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған "Kazakhstan is My Homeland" (Менің Отаным - Қазақстан) тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Студенттер Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, Қазақстанның тарихы, географиясы мен мәдениеті туралы хабарламалар жасады, Отанға арналған өлеңдер оқыды, заманауи ағылшын және қазақ әндерін шырқады, сондай-ақ Қазақстан туралы қызықты фактілерді білуге арналған викторинаға белсенді қатысты.
Ұйымдастырушылар: шетел тілі кафедрасының оқытушылары Карабаева Б. Н., Цыганова В. А., Кабытаева А. А., Усенова Е. К., Меркибаев Т. А., Жамалова Т. Б., Бауыржан Г., Ахмедова А. Н., Есенаманова К. М.
Басқа жаңалықтар


