«Поэзия падишасы»Farabi University

«Поэзия падишасы»

1 желтоқсан, 2022

Желтоқсан айының 1-ші жұлдызында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында 17-ші жатақханада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Филология" факультетінің ҚФ-202 студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, халқының сүйікті ақыны, біртуар суреткер Фариза Оңғарсынованы еске алу мақсатында «Поэзия падишасы» атты әдеби кеш өтті.

Жыр падишасы Фариза ақынның шығармашылығына орай өткен шарада жастар Фариза жырынан шашу шашып, лирикалық әндерін сахна төрінде орындады. Бұдан бөлек ақынның өлеңдерін жатқа білетін, өз шығармашылығымен танылып жүрген жас ақын, «қазақ филологиясы» мамандығының 2-курс студенті Қожағұл НұрсұлтанФаризаға арналған арнау өлеңдерін оқыды. «Әдебиеттану» мамандығының 1-курс студенті Балгинбаева Перизат пен «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенті Бауыржанұлы әсем күйлерін тарту етті.Фаризаның сезімге толы жалынды жырын 2-курс студенті Нұрлыбайханқызы Назерке жоғары деңгейде жеткізе алды. ҚФ-202 тобының хорымен орындалған ән-шашу кештің сәнін келтірді.