Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналады:
Тәуелсіздікпен құрдас биотехнолог-студенттердің патриоттық және интеллектуалдық дамуы: биотехнология бойынша университет аралық интеллектуалдық сайыстың ұйымдастырылуы
Жоғары оқу орындары заманауи талаптар бойынша жоғары біліммен студенттердің бәсекеге қабілеттілігін нарықтық принциптерге сәйкес қамтамасыз етуі керек. Бұл жөнінде шешілетін мәселелер тек ЖОО беретін көлемді де сапалы білімді ғана емес, сонымен қатар студенттердің қоғамда алатын орнын көрсететін компетенттілік деңгейін де қамтиды.
Студенттерді білім жүйесінің әр түрлі дисциплиналары бойынша белгілі деңгейге жеткізу ғана маңызды емес, сондай-ақ, болашақта білімді өз бетінше сараптауға, құрастыруға және кәсіби салада қолдануға үйрету керек. Маңызды білім кәсіби мәселелердің шешімін табуға да көмектеседі.
Студенттердің биотехнология саласындағы қызығушылығын білім жүйесінде ғана емес, шығармашылық саласында да арттыру қажет. Әр түрлі интеллектуалдық конкурстар студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық потенциалын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Осындай конкурстарға алғашқы қадамды Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университетінің жаратылыстану факультетінің биология кафедрасының мұғалімдері жасаған болатын. 2010 жылы «Биотехнология – заман талабы» атты интеллектуалды конкурсының алғашқы ұйымдастырушысы ҚазМҚПУ биология кафедрасының б.ғ.к., доцент Г.И.Ерназарова. Г.И.Ерназарованың « Биотехнология – заман талабы» интеллектуалдық және шығармашылық сайысын университетаралық деңгейде ұйымдастыру және өткізу идеясын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биотехнология кафедрасының доценттері б.ғ.к. С.К.Турашева және б.ғ.к. С.Б.Оразова қолдады.
2010 жылы алғашқы сайысқа 4 ЖОО-ның биотехнолог-студенттері қатысты: ҚазМҚПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев К. атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ. Бұл сайыста бірінші орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің екі командасы иеленді: «Биотитаны» командасы (команда жетекшісі, доцент С.К.Турашева) және «Энхансер» командасы (жетекшісі, доцент С.Ш.Асрандина).
2011 жылы қараша айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнология кафедрасының доценттері С.К.Турашева және С.Б.Оразованың ұйымдастыруымен, сонымен қатар, биология және биотехнология кафедрасының деканы Т.М.Шалахметова мен биология және биотехнология кафедрасының жетекшісі Б.К.Заяданның қолдауымен «Биотехнология – заман талабы» атты интеллектуалды сайыстың факультет деңгейінде іріктеу сайысы өтті. Сайысқа қатысушылар – Тәуелсіздік құрдастары. Сайысқа 6 команда қатысты: «BioHazard» командасы, «Хомячки-мутанты», «Мегамозг» командалары, «Биоагенты» және «Gen Team» командалары, «Эврика» командасы.
Конкурс жеңімпаздары қазақ бөлімінен «Мегамозг» командасы, орыс бөлімінен «Биоагенты» командасы болды. Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті: « Таныстыру», «Эрудит» конкурсы, биотехнология тақырыбы бойынша кроссворд конкурсы, шығармашылық конкурс «Биотехнология бойынша үй тапсырмасы»(студенттердің өзіндік жұмысы – СӨЖ-дің аналогы ретінде, бірақ бұл конкурста КВН ойыны стилінде). «Эрудит» конкурсында теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар ситуациялық тапсырмаларда шешім қабылдау, биотехнологиялық өндірісті кәсіби ойын формасында, шынайы өмірде әр түрлі ситуациялардан шығу жолдарын теориялық біліммен толықтырады.
2011 жылдың желтоқсан айында «Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл: 20 инновациялар» бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология биотехнология факультеті базасында жастарды тәрбиелеу және біліммен жаңашылдандыру мақсатында «Биотехнология – заман талабы» атты екінші интеллектуалды сайысы өтті. Бұл жылы қатысушы ЖОО-ы командалары өсті: «Al-Farabі production», «GenTeam»(әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), «Биоғасыр» командасы (Алматы технологиялық университеті), «Метаболит» командасы (Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті), «Криопротектор», «In vitro»( Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті), «Доминант», «Адреналин» (К.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті), «Химера» (Қазақ Инженерлік техникалық университеті) командалары. Интеллектуалды сайыстың жеңімпаздары қазақ бөлімінен «GenTeam» командасы, орыс бөлімінен «Al-Farabі production» командасы болды.
Студенттер интеллектуалдық сайысқа дайындалу барысында ЖОО қабырғасында алған білім мен шығармашылық қабілеттіліктерін ойын түрінде тапсырмаларды орындау барысында көрсетеді. Берілген тапсырмалардың бірін таңдау арқылы студенттер осы тақырыб бойынша ізденіске түседі. Дәріс және зертханалық сабақтар барысында алған білімдерін қолдана отырып, ойын барысында студенттер өз ойларын көрсете алады. Бұл жерде биотехнолог-студенттердің шығармашылық потенциалдары, идеялары мен фантазиялары белсенді түрде көрсетіледі. Командалық рух пен қоғамда жұмыс жасау қабілеттіліктері, сонымен қатар, команда капитандарының лидерлік сапасы жоғарлайды. Яғни «Биотехнология – заман талабы» атты интеллектуалды сайысы өзіне үлкен тәрбиелеушілік жүк жүктейді.
Жалпы биотехнология – жас ғылым саласы болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның бірден-бір ғылыми-техникалық дамуында роль атқаратын биотехнология ғылымы республикада 80 жылдары қалыптасып, 90 жылдары өзінің даму жолына түсті. Яғни, Тәуелсіз Қазақстан мен биотехнология ғылымының дамуы бір мезгілде.
Биотехнология – басқа ғылымдарымен тығыз байланысты жан-жақты ғылым саласы. Биотехнология – деңгейі биік ғылым. Бүгінгі таңда ақпараттың кең көлемде дамуы студенттердің осы салада шығармашылық және терең ойлау қабілеттіліктерінің дамуын талап етеді. Атап өту керек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ осымен 15 жыл сапалы маман иелерін дайындап шығаруда. Биотехнология мамандығын бітірген көптеген түлектер өз білімдерін ары қарай Франция, Израиль, АҚШ, Германия, Ресейде жалғастырып, ғылыми дәрежелерге қол жеткізді. Олардың орнына Тәуелсіздікпен қүрдас талантты студенттер келді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ сапалы жоғары білім мен шығармашылық қабілеттіліктерін арттыра отырып, жаңашыл ойлау қабілеттіліктері жоғары, заман талаптарына сай талантты биотехнолог түлектерді дайындаған.
Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент