«ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі

30 желтоқсан, 2011

«Шетелдерде Қазақстанды «серпінді» идеялардың бастамашысы деп біледі - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов

АЛМАТЫ. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ел Президенті алға қойған әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттерін құру жөніндегі маңызды мемлекеттік міндетті жүзеге асырумен айналысуда. Мемлекеттің айшықты мерейтойы қарсаңында бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне елдің жетекші жоғары оқу орнының ректоры, техника ғылымдарының докторы, академик Ғалым Мұтанов айтып берді.

- Ғалым Мұтанұлы, бүгінде жоғары білім жүйесінің алдына принципті жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Олар Сіздің жоғары оқу орнында қалай жүзеге асырылып жатыр? Университет ұжымы қандай табыстарға жетті?

- 2009 жылы қазан айында ҚазҰУ-дің акт залында лекция оқыған Нұрсұлтан Әбішұлы біздің университетті «жаңа Қазақстанның білімі мен ғылымының алдыңғы шебі» деп атады. Елдің жетекші жоғары оқу орны ретінде біз Президент алға қойған ҚазҰУ-ды әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу университетіне айналдыру міндетіне бел шешіп кірістік. Қайта құру жоғары оқу орны қызметінің барлық саласын қамтыды.

Ең алдымен кешенді құрылымдық жаңарту жүргізілді. Факультеттер кластерлік тұрғыда қалыптастырылды, кафедралар ірілендірілді, материалдық және ғылыми-зертханалаық база нығайтылуда, ғылымды, инновацияларды және білім беруді дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Түпкі нәтижеге бағдарланған басқарудың озат әдістері, ағылшын тілінде оқыту, оқытудың барлық сатысында - бакалавриатта, магистратурада және PhD докторантурада жаңа білім бағдарламалары енгізілді. Оқытушылар мен студенттердің академиялық ұшқырлығы, қос дипломды білім беру бағдарламалары белсенді дамытылуда.

Әлемдегі танымал жоғары оқу орындарымен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Айталық, «География және табиғат пайдалану» факультетінде ресейлік ғалымдармен бірлескен халықаралық энергия экологиясы кафедрасы ашылды, оңтүстіккореялық компания көпфункционалдық электрондық интерактивтік стенділер шығаратын инновациялық жобаны іске қосты. Корё (Оңтүстік корея) университетін тарту арқылы ультразаманауи медициналық орталық құру жобасын іске асыру басталды.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ инновациялық кластері» жобасы 2010-2014 жылдарға арналған инновацияны дамыту мемлекеттік бағдарламасына кірді. Оны жүзеге асыруға 11 млрд. теңге бөлінуде. Бүгінде жоба аясында нанотехнология, баламалы энергетика және энергия үнемдейтін технологиялар, биологиялық және физика-химиялық технологиялар, фармацевтика және басқа да салалардағы басымдықты бағыттар бойынша зерттеулер жүргізілуде. Оларға бүкіл әлемде сұраныс күшті. Оны құру университетті білімге негізделген «жаңа» экономикалық өсім ордасына айналдырады.

ҚазҰУ магистранттары үшін Колумбия университетімен бірлесіп орнықты даму бағдарламасы бойвынша Глобал-классум ашылды. Біз әлемнің 24 университетімен қатар осы жобаның толық құқылы қатысушысы болдық. Даңқты мереке қарсаңында курстың алғашқы тыңдаушылары Колумбия университетінің сертификаттарын алды, алда оларды шетелдік тағлымдамадан өту күтіп тұр. Бұл біздің АҚШ жоғары оқу орындарымен қос дипломды білімге қарай басқан алғашқы қадамымыз.

Ағымдағы жылғы қазан айында ҚазҰУ-де зерттеу университеттерін дамыту мәселелері бойынша халықаралық форум табыспен өтті, оған әлемнің 30 елінен жоғары мектептің 100-ден астам көрнекті ғалымдары мен қайраткерлері, сондай-ақ халықаралық IGIP, IFEES, SEFI, COPEC ұйымдарының өкілдері, қазақстандық жоғары оқу орындарының басшылары жиналды. Форум университеттің жоғары әлеуетін тағы да қуаттады және оны дамытудың мүлдем жаңа перспективаларын ашты. Әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ достары» халықаралық клубын құру және оның белсенді қызметі де жәрдемдесуде.

Университеттің ғылым мен білімді дамытуға қосқан қомақты үлесі беделді халықаралық ұйымдардың тарапынан мойындалып отыр. ҚазҰУ БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның бастамасымен құрылған БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасын қабылдаған Қазақстандағы бірден-бір жоғары оқу орны. Танымал Quacquarelli Symonds (Ұлыбритания) рейтингі агенттігі жүргізген зерттеулер нәтижесінде университет 2011 жылы өзінің көрсеткіштерін 200 сатыға жақсартып, Орта Азия жоғары оқу орындарының арасында бірінші болып әлемдегі ең танымал 700 жоғары оқу орнының ішінен 450 топ-университеттер қатарына еніп отыр.

- ҚазҰУ ұжымы Тәуелсіздіктің 20 жылдығын қалай қарсылауда?

- Даңқты мереке мерейтойлық уақыт өлшемі ғана емес. Бұл бүкіл халқымыздың мерекесі, ата-баба арманының іс жүзіне асуы, замандастарымыздың жасампаздық ұмтылысы және жаңа ұрпақ жаңа асуларға бет алған кезең.

Тәуелсіздік алған сәттен бастап тарихи өлшеммен алғанда қысқа мерзімде ғасырларға бергісіз ауқымды істер атқарылды. Біз бүгінде Қазақстан халықаралық арненада ықпалды ойыншылардың біріне айналды деп мақтанышпен айта аламыз.

Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтойы жылы біз «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 инновация» бірегей жобасын жүзеге асырдық. Оның негізгі мақсаты - ғылыми технологияны қажетсінетін ғылыми-зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік-конструкторлық жасалымдарымызды одан әрі өндіріске енгізу болмақ. Инновациялық жобалар нано- және биотехнологиялар, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, медицина, ақпараттық технологиялар сияқты және басқа да салаларда жаңалықтар енгізуге бағыттьалған.

ҚазҰУ ғалымдарының 20 ноу-хау жаңалықтарының басым бөлігі өндіріске енгізілді. Қалғандары тәжірибелік сынақтан өткізілуде. Жоба қорытындыларын 5 желтоқсанда университетте өткен халықаралық форумда шығардық. Университет ғалымдары жыл сайын экономиканың нақты секторына бірнеше инновациялық жасалымдар енгізу мақсатын алдарына қойып отыр, сөйтіп елімізге және қоғамға елеулі пайда келтірмек.

- Қазақстанның осынша қысқа мерзімдегі дәуірлік жетістіктерінің негізі неде деп санайсыз?

- Қазақстанның жетістіктері басты екі тірекке - ұлтаралық келісім мен экономика басымдығына негізделген. Бүгінде халықаралық рейтингілерде Қазақстан серпінді дамып отырған мемлекет ретінде аталуда. Республика ІЖӨ көлемі бойынша әлемнің 200-ден астам елінің ішінде 54-орынға, Азиядағы 50 елдің ішінде - 16-шы, Еуропаның 46 мемлекетінің арасында 21-орынға шығып отыр. Орталық Азиядағы ІЖӨ-нің 60 пайыздан астамы біздің еліміздің үлесіне тиеді.

Қазақстан тәуелсіздік жылдары ішінде бірнеше рет әлемдік экономикалық дағдарыстар иіріміне тап болды, бірақ та Мемлекет басшысының алысты шолатын көреген және жасампаздық саясатының, дер кезінде қабыдлданған тиімді экономикалық және әлеуметтік шараларының арқасында оны сәтімен еңсере білді.

Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте ұлысаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудің мүлдем жаңа моделін ұсынған алғашқы ел болды. Президентіміздің бастамасымен бұрын-соңды болмаған бірегей Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды, ол республикадағы барлық ұлыстың мүдделерін үйлестірудің тиімді және сенімді құралына айналды.

Тәуелсіздің жарияланған күннен бері 20 жыл өткен соң халықаралық қоғамдастықтың бірге көрсетіп отырған жоеғары сенімінің деңгейі - Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасқанына айқын дәлел.

Қазақстан Орталық Азия аймағында, бұрынғы кеңестік және түркі тілдес әлемде бірінші болып геосаяси ықпалы жағынан бірегей Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) басшылық етті. Биылғы жылы еліміздің Ислам ынтымақтастық Ұйымына төрағалығы да жаңа бастамалармен бедерлене түсуде.

Қазақстанның ТМД мен Орталық Азия аймағы аумағындағы ықпалдастық үдерістеріндегі рөлі де баршаға мәлім. Қазақстанның бастамасымен және белсене қатысуымен АӨІСШК, ҰҚШҰ және Кеден одағы жұмыс істеуде. Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттары бумасы күшіне енбек.

Шетелдерде болғанда байқайтыным - біздің елімізді серпінді идеялардың бастамашысы ретінде таниды. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы және оның әлемдік қоғамдастықта танылуы көп жағдайда Мемлекет басшысының орасан зор саяси күш-жігері мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды деп санаймын.

Нұрсұлтан Назарбаевты Шарль де Голль, Франклин Делано Рузвельт, Мұстафа Кемаль Ататүрік сияқты өз мемлекеттерін алға сүйреген әлемнің көрнекті қайраткерлерімен шендестіруге болатынына сенімдімін. Қазақстанның барлық жетістіктері өз халқының тағдыры үшін жауапкершілікті өз қолына алған ел Президентінің қажымас қайратының арқасы.

- ҚазҰУ өз дамуының қандай стратегиясын белгіледі?

- 2020 жылға қарай елдің екі жоғары оқу орны топ-университеттердің әлемдік рейтингісіне енуі тиіс. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ел Президенті алға қойған осы маңызды мемлекеттік міндетті орындауға құлдшынып отыр. Өзінің сөйлеген сөздерінің бірінде Елбасы: «Біз басында ҚазҰУ, ҚМЭБИ және ҚБТУ тұрған тоғыз ұлттық университетке үлкен үмітпен қараймыз. Олар отандық жоғары білім берудің негізгі жон арқасы болулары тиіс», деген болатын. Мемлекет басшысының жоғары бағасы зор жауапкершілік жүктейді және университет ұжымы әлемдік деңгейдегі білім мен инновацияда бәсекеге қабілетті және озық ғылым орталығы болуы үшін қолданның келгеннің барлығын істейді.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандықтарды ел Тәулсіздігінің 20 жылдығымен құттықтаймын. Бәріңізге бақыт. игілік және Қазақстанның гүлденуі жолында зор табыс тілеймін.

- Рахмет.