«Алматы ақшамы» қоғамдық-саяси газет
Халықаралық құқық кафедрасына 20 жыл толды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық құқық кафедрасының Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық құқық шеңберіндегі негізгі ғылыми оралық болып келгеніне жиырма жылдай уақыт болып отыр. Халықаралық құқық кафедрасының құрылу тарихы да Қазақстан тарихында елеулі бір орынға ие. Атап айтқанда, халықаралық құқық кафедрасының құрылуы Қазақстан Республикасының нақты егемендікке қол жеткізуімен тығыз байланысты.
Кафедраның тәжірибелі оқытушылары қазақстанда бұрын-сонды оқытылмаған жаң пәндерді дайындап, оқу үрдісіне енгізуде, олардың ішінде: «Еуропалық құқық», «ТМД құқығы», «Халықаралық жеке құқық теориясының негіздері», «халықаралық азаматтық іс жүргізу», «Халықаралық құқықтағы жауапкершілік», «Дипломатиялық және құқықтық консулдық құқықтың өзекті мәселелері», «халықаралық теңіз құқығы», «Континент ішіндегі мемлекеттердің құқықтық мәртебесі», «Халықаралық қылмыстық құқық», «Халықаралық қылмыстық іс жүргізу», «Халықаралық пентициарлық құқық», «Терроризммен халықаралық-құқықтық күрес» және т.б.
Қазіргі уақытта кафедра Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Комитеті, ҚР БҰҰ өкілдігі, ЕҚЫҰ өкілдігі және т.б. сынды түрлі халықаралық ұйымдармен тығыз ғылыми байланыспен ынтымақтасуда.
Бүгінгі таңда кафедра өз алдына заман талабына сйәкес жаңа мақсаттар қойып отыр. Кафедра оқытушылары ғылыми жұмыстар бойынша Сорос-Қазақстан, USAID, USIS және басқа қорлардан гранттар ұтып алды. Өз кезегінде бұл студенттер үшін ынталандырушы күш болып табылады.
Жиырма жылдай уақыт ішінде кафедра ұйымдық, ғылыми және әдістемелік жағынан толығымен аяғынан тұрды. 1990 жылы кафедра құрамында төрт бүтін оннан бес штаттық орын болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 25 жетіп отыр. Кафедра шет елдердің университеттерімен, халықаралық ұйымдармен қорлармен тығыз ғылыми байланыстарды орнатып, нығайтуда. Кафедра мүшелерінің еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік және т.б. елдерде шет елдерде басылып шығарылып және бүгін де жалғасын табуда. Басылып шығарылғандар қатарына: АҚШ, Бельгия, Германия, Ресей, Түркия және тағы басқа елдердегі еңбектерді айтуға болады. Халықаралық құқық бөлімінің оқу үрдісінде оқытудың әр түрлі технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Бағдат АМАНДОСҰЛЫ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің
халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы