«Thanksgiving Day 2022»Farabi University

«Thanksgiving Day 2022»

3 желтоқсан, 2022

2022 жылдың 3 желтоқсанында шығыстану факультеті және халықаралық қатынастар факультетінің студенттері оқытушыларының жетекшілігімен - Ә.К. Шаяхмет, шетел тілдері кафедрасы, және М.Қ. Мырзағалиева, дипломатиялық аудармасы кафедрасы - университеттік «Айналаңды нұрландыр!» бағдарламасы аясында ағылшынша «Алғыс күні 2022» іс-шарасын өткізді.

 Сайыс түрінде ұйымдастырылған шараға шығыстану және халықаралық қатынастар факультеттерінің 1-курс бакалавриат студенттері белсене қатысты. Студенттер сахналық көріністерді қойып, ән айтып, викториналар өткізіп, би билеп, гитара және тіпті укулеле ойнап тастады! ‘Encanto’, ‘Poppy’, ‘Pumpkin Pie’, ‘Mama Birds’ командалары өздерінің сан алуан таланттарын көрсетіп, жеңімпаз атағы үшін бар күштерін салды. Жеңімпаз атанған - ‘Pumpkin Pie’ командасы, қазақ бөлімінің шығыстану мамандығының intermediate тобы студенттері. Барлық қатысушылар ағылшын тілінде еркін сөйлеп, батыс және шығыс тілдерінде алғыстарын білдірді. Шараға Ауғанстан мен Түркіменстаннан келген студенттер белсенді қатысты.

Дәл осы күні Шығыстану факультетінде «Шет тілдері» кафедрасының тағы бір оқытушысы Айналдына Нұрланды университеттік бағдарламасы аясында студенттерімен осы тақырыпта іс-шара өткізді. Шараны ұйымдастырушы шет тілдер кафедрасының оқытушысы Өтетілеуова Ә.Ж. болды. Іс- шараға шығыстану факультеттерінің 1-курс бакалавриат студенттері белсене қатысты. Сахналық көріністерден басталған іс-шара, ән, би және студенттердің креативті видоларымен жалғасты. Іс-шара барысында викторина үшін стденттер және көрермендердер топтастырылып, сайыс соңында жеңімпаз топ анықталды. Көремендерден құралған топ сайыстың жеңімпазы атанып сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, студенттер ағылшынша «Алғыс айту күнінің» дәстүрлі тағамын дайындауға арналған видеосын көрсетті. Шараға қатысушылар ағылшын тілінде ғана емес, сонымен қатар батыс және шығыс тілдерінде өз алғыстарын білдірді.