X ҚАЗАҚСТАН-ГЕРМАНИЯ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

9 желтоқсанда Қазақстан-Неміс университеті (ҚНУ) X Қазақстан-Германия www.logcentre.kz логистикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындарыарасында командалық студенттік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға қатысуға «Логистика», «Көлік», «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көліктіпайдалану» және т.б. білім беру бағыттары бойынша 2-4 курс студенттері шақырылды. әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық университеті, Экономика және Бизнес жоғарымектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасынан 6В11301 – Логистика(сала бойынша) мамандығының 4 курс студенттері Ақмолда Бекарыс Нұржанұлы, Қадыр АйкерімЖанатқызы, Қахар Нурила Серікқызы қатысты. Топтыңжетекшілері «Бизнес-технологиялар» кафедрасыныңоқытушылары Баймуханбетова Э.Е., Мұса Қ.А. болды.
Қазақстан-Неміс университеті (ҚНУ) ұйымдастыруыменX Қазақстан-Германия логистикалық форумы 3 күн өтті. Форумда 7, 8 желтоқсан күндері жетекші мамандардыңшеберлік-сыныптары өтті. 9 желтоқсан студенттергеарналған кейс-олимпиада және бос орындар жәрмеңкесіөткізілді.
Кейс олимпиада 3 кезенен тұрды. 1 кезең-жылыту10 сұрақ, талқылауға 30 секунд берілді. 2 кезеңде – Капитандарсайысы өтті. 3 кезең - үй тапсырмасы командаларұйымдастырушылар ұсынылған тақырыптар бойыншафильм/анимациялық презентация дайындауы керек болған.
Кейс-олимпиада нәтижесі бойынша әл-Фарабиатындағы Қазақ Ұлттық университетінің командасы 1 орынға ие болды және студенттерге мақтау сертификаттарымен AirPods силыққа берілді. Командаға жетекші болғаноқытушыларға сертификаттар табысталды.
Мұндай форумының жылда ұйымдастырылуы логистика саласында білім алып жатқан студенттердің білімдерінтереңдетуге, логистика қызметінде тәжірибе алмасуға жәнеҚазақстанда логистика саласының дамуына септігінтигізбек.
Басқа жаңалықтар

