«Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды!»

2022 жылғы 26 қарашсында сағат 14.00-де химия факультетінде «Мақсаттарға жету үшін серіктестік» аясында дайындалған, аты аңызға айналған, қазақ халқының батыр қызы Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған «Ешкім ұмытылмайды, ештеңе ұмытылмайды!» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Химия факультетінің деканы А.К. Галеева құттықтау сөз сөйлеп, мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді, Отан алдындағы борыш сезімін қалыптастыруда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.
Сонымен қатар, іс-шараға Мәншүк Мәметова оқып, білім алған, батыр қызымыздың аты берілген 28 мектеп-лицейдің мұғалімі Соколова Н.М. және мектеп президенті 9 сынып оқушысы Абдиева А. қонақ болып қатысты. Олар студенттерге Мәншүк Мәметова мұражайы, даңқты қазақ қызының өмірі, ерлігі туралы айтып берді. Химия факультетінің студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталған концерттік бағдарлама дайындады. Мәншүк Мәметова мен Ұлы Отан соғысының батырларын бір минут үнсіздікпен еске алды. Олар өлең оқып, ән шырқады, «Алға Қазақстан» биін орындады, Мәншүк Мәметованың өмірінен үзінді көрсетті. Жалпы, іс-шара жылы, достық атмосферада өтті.
Ұйымдастырушылар: орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары Дуйсембиева Г.М., Тілеубай Г.К., Жусанбаева А.Т.
Басқа жаңалықтар


