Christmas Celebrations in the USA and UK

2022 жылдың желтоқсан айының 9-шы жұлдызында, сағат 14.00 “English through Culture” ағылшын тілі клубының 4-ші отырысы болып өтті. Клуб отырысы 2022-2023 оқу жылының желтоқсан айыының жоспарына сәйкес клуб мүшелерінің қатысуымен және клуб жетекшісі, шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары Л.М.Алиярова, А.Р.Халеновалардың - ұйымдастыруымен өткізілді. Клуб отырысының үшінші отырысы «Christmas Celebrations in the USA and UK» тақырыбына арналды. Клуб қатысушылары заң факультетінде оқитын 1 курс студенттері болды.
Іс-шараның мақсаты: АҚШ пен Ұлыбританиядағы Рождествоны тойлау дәстүрлерімен таныстыру.
Клуб отырысы аясында, ең алдымен іс-шараға қатысушылардың тақырып бойынша презентациялары мен баяндамаларылары тыңдалды. Төмендегі клуб мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, Рождество - жылдың ең маңызды және сүйікті мерекелерінің бірі. Бұл әсіресе ағылшындарға қатысты. Бірде-бір мереке, тіпті Жаңа жыл да дайындық пен мерекелеу ауқымы бойынша Рождествомен салыстыра алмайды. Басқа мерекелер сияқты, Рождествоның ерекше екендігін баяндады. Тақырып аясында студенттер плакаттар дайындап, қызықты мәліметтерімен бөлісті:
1) Умурзаков Нурдаулет - SANTA or FATHER CHRISTMAS
2) Тастайбекова Енлик - А typical American holiday drink
3) Кушбаева Амина- Christmas pudding or Christmas cake
4) Куланкадыр Тогжан - А fun tradition of pulling Crackers
5) Момынов Кобейсин - Boxing Day
Клуб мүшелері Рождествоның дәстүрлі әні - «Jingle Bells» әнін орындады. Студенттердің іс-шара тақырыбы бойынша дайындықтары да өте жақсы болды. Кеш клуб жетекшісі, аға оқытушы Л.М.Алиярова клуб мүшелеріне арнап құттықтау сөз сөйледі және студенттерге өзінің жылы лебізін білдірді.
Ұйымдастырушылар:
Алиярова Л.М.
Халенова А.Р.
Басқа жаңалықтар


