«Айқын» Республикалық қоғамдық-саяси газет

19 қаңтар, 2012

Болашаққа алып барар сенімді қадам

Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университетінің негізгі мақсаты - мүше-мемлекеттердің білім беру арқылы елдер арасындағы ынтымақтастық пен сенімділікті нығайтумен қатар, экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін басты қызықтыратын энергетика, экология, аймақтану, нанотехнология және ІТ - технология мамандықтары бойынша келісілген инновациялық оқу бағдарламаларының негізінде жоғары кәсіптік мамандарды дайындауды жүзеге асыру болып табылады.

Білім мен ғылымды біріктіруге мүмкіндік беретін - Зерттеу университетіне көшіп жатқан ҚазҰУ үшін ШЫҰ білім кеңістігіндегі магистранттары­мыздың алған білімі, тәжірибелері оқу ордамыздың ғылымының жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндік жасап отыр.

Қазақ Ұлттық университеті қазіргі кезде ШЫҰ университеті аясында «Экология», «Нанотехнология», «Аймақтану» бағыттары бойынша базалық жоғары оқу орны ретінде таңдалса, «Экология» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі болып табылады. Осы үлкен міндетті іске асыру мақсатында 2010 жылдың мамыр айында ҚазҰУ-де құ­рылған ШЫҰУ оқу орталығы білім кеңістігінде экология бағыты бойынша Ресей халықтар достығы университеті (Ресей), Оңтүстік-Орал ұлттық зерттеу университеті (Ресей), Сібір Федералды университеті (Ресей), М.Алдышев атындағы Ош технологиялық университеті (Қыр­ғызстан), Тәжік аграрлық университеті (Тәжікстан), Ланьчжоу университеттерімен (ҚХР) нанотехнология бойынша Белгород мемлекеттік ұлт­тық-зерттеу университеті (Ресей), аймақтану бағыты бойынша Мәскеу лингвистикалық гуманитарлық университеті (Ресей), Бішкек гуманитарлы университеттерімен (Қырғызстан) келісімшартқа қол қойылып, магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімдер жалғасын табуда, серіктес жоғары оқу орындарының саны өсуде.

Қазіргі таңда Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің ЖОО-ның серіктестігі жөніндегі меморандум-ды және ШЫҰ университеті аясындағы магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі келісімшарт негізінде экология бағыты бойынша Ресей халықтар достығы университетінде, аймақтану бағыты бойынша Мәскеу лингвистикалық гуманитарлық университетінде, нанотехнология бағыты бойынша Белгород мемлекеттік ұлттық-зерттеу университетінде біліктіліктерін шыңдап, білім алып қайтты. Серіктес университеттер магистранттарымыздың жақсы ғылыми дайындығы мен сол университеттердің қосымша жұмыстарына белсене қатысып, ат салысқаны үшін ризашылығын білдіріп жатса, біздің магистранттарымыздың берілген мұндай мүмкіндікке университетіміздің ұжымына айтар алғыстары шексіз.

Желілік университет және Шанхай Ынтымақтастық ұйымы университеті аясындағы Ресей халықтар достығы университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арасындағы ынтымақтастық келісімі нәтижесінде 2010 жылдың қазан айында философия ғылымының докторы, профессор, Ресей халықтар достығы университетінің халықаралық инновациялық қызметтер жөніндегі проректоры, жоғары білім интернационализациялау стратегиясын жүзеге асыру саласындағы, сондай-ақ екі диплом бағдарламысын құрудағы белгілі маман Краснова Гүлнар Амангелдіқызын университеттің профессор-оқытушыларына дәріс оқуға шақырды.

Сонымен қатар өзара әріптестікті нығайту жолында, өткен жылдың ақпан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Шанхай Ынтымақтастық ұйымының

Бас хатшысы Мұратбек Сансызбайұлы Иманәлиевпен арнайы кездесу өткізді. ҚазҰУ ректоры өз кезегінде ШЫҰ өкілдеріне қарашаңырақтың ұлттық зерттеу университетке айналу жолындағы бағыттарымен таныстыра отырып, оқу ордамыздың әлемдік топ университеттер қатарына енуді мақсат ететіндігін айтты. Бас хатшы Мұратбек Сансызбайұлы ҚазҰУ-дың ШЫҰ әріптестігі негізінде атқарып жатқан жұмыстарын үздік бағалайтындығын атап өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қытайтану кафедрасында Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық ұйымының ұлттық үйлестірушісі, Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар елшісі Шахрат Нұрышев пен ШЫҰ басқарма ісінің екінші хатшысы Уәлихан Сәрсенбековпен кездесу ұйымдастырылды.

Өткен жылдың бұл саладағы атаулы оқиғаларының бірі қыркүйек айында ҚХР-ның Сиань қаласында өткен Еуразия экономикалық форум - 2011 білім секциясының жұмысына қатысуға арнайы шақырылуы. «Білім ынтымақтастығы - 2011 Еуразия конференциясында» университеттің инновациялық дамуы жайында оқу жұмысы жөніндегі проректор, профессор Т. Балақаева мәлімдеме жасады. Сондай-ақ ШЫҰУ аясында келіссөздер жүргізілуімен қатар, Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындарының проректорларымен (Чжань Шащцзе - Солтүстік шығыс университеті, Цзинь Тао - Ланьчжоу университеті, Тэй бай - Синьцзян университеті) академиялық мобильділік мәселелер бойынша кездесулер өткізілді. Осы кездесулер нәтижесінде біздің магистранттарымыз «Экология», «Аймақтану» бағыттары бо­йынша 2012-2013 оқу жылының қыркүйек айында ҚХР-ның үздік ЖОО-да білім алуға мүмкіндік алып отыр.

ШЫҰ мүше-елдерінің білім басқармасы ұйымдарының жетекшілері, ШЫҰ университетінің басты (базалық) ЖОО өкілдері қатысқан аталмыш апталықта ШЫҰ университетінің Хартиясына қол қойылды. ШЫҰ кеңістігінде жаңа ғылыми байланыстар орнатылды.

К.Айтбаева,

М.Нұрсейітова,

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-дің

ШЫҰУ оқу орталығының жетекші мамандары