3 курс студенті Ержан Айгерім Цукуба университетінде оқу грантын жеңіп алды!
20 ақпан, 2023

Логистика білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ержан Айгерім Цукуба университетінде оқу грантын жеңіп алды. Жапонияның беделді университетінде ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу тамаша мүмкіндіктер ашады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқып жүргенде Айгерім өзін белсенді студент ретінде көрсетті, оның жетістіктерінің қатарында:
• 2 орын – «ЛОГИСТИКА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША «ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ТАҚЫРЫП БОЙЫНША VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫРТТАЙ ОҚУ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАСЫ.
• Model UN New Silk Way 2022 «Көрнекті делегат» атты номиция иегері.
• Түркиядағы ICYF 2022 жас волонтерлер лагерінің стипендиаты.
Міне, жаңа жетістік. Айгерімге жақсы әрі қызықты оқу тілейміз!
Басқа жаңалықтар

7 мамыр, 2025