3 курс студенті Ержан Айгерім Цукуба университетінде оқу грантын жеңіп алды!

20 ақпан, 2023

Логистика білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Ержан Айгерім Цукуба университетінде оқу грантын жеңіп алды. Жапонияның беделді университетінде  ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу тамаша мүмкіндіктер ашады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқып жүргенде Айгерім өзін белсенді студент ретінде көрсетті, оның жетістіктерінің қатарында:

• 2 орын – «ЛОГИСТИКА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША «ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ТАҚЫРЫП БОЙЫНША VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫРТТАЙ ОҚУ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАСЫ.

• Model UN New Silk Way  2022 «Көрнекті делегат» атты номиция иегері. 

• Түркиядағы ICYF 2022 жас волонтерлер лагерінің стипендиаты.

Міне, жаңа жетістік. Айгерімге жақсы әрі қызықты оқу тілейміз!