Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновациялар

17 ақпан, 2023

Конференция жұмысына шет елдік және отандық педагогика ғылымының өкілдері, танымал тұлғалар, университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Конференцияның бастау алды бөлігінде әл-Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды және педагогика ғылымдарының докторы Шәркүл Таубайқызы Таубаеваның ғибратты өміріне арнайы түсірілген бейнематериал көрсетілді.

Еліміздің үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогикалық зерттеу мәдениетін дамытуға арналған конференцияның модераторы, философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, философия және саясаттану факультетінің деканы Б.Б. Мейрбаев ғылыми іс-шараның бүгінгі күндегі маңыздылығын атап, конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.

Ғылыми шараның алғашқы бөлігінде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Шәркүл Таубайқызы Таубаеваға келіп түскен құттықтау хаттары оқылды. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы-Ректор, филология ғылымдарының докторы, профессор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының құттықтау хатында «....Өткізіліп жатқан ғылыми конференция жұмысы еліміздің педагогика ғылымының дамуына, педагогтердің зерттеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тың идеялар мен серпіністер береді деген ойдамын.  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым мен білімді дамыту мәселесін ерекше атап өтуде «... Елімізге өмір жолын ғылымға арнаған, нақты ғылыми жетістігі бар адамдар керек. Отандық ғалымдар құрамын жақсарту керек. Бұл – уақыт талабы... Ғалымдардың еңбегі сапалы өнім шығаруға немесе өндірісті тиімдірек етуге септігін тигізуге тиіс»,- деп айтқан пайымының ғалымдардың беделін игі істері арқылы арттыру қажеттігіне мән берген. Сондай ғалымдардың бірі - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің профессоры, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының, Халықаралық педагогикалық білім берудің ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Таубаева Шаркүл Таубайқызы» делінген.

Шараның маңызды бөлігінің бірі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ш. Таубаевнаның ғылыми-педагогикалық еңбегіне бағдарланған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қазақ университеті » баспасымен жарық көрген «Ғибратты ғұмыр» 11 сериясы», Таубаева Шәркүл. (Биобиблиографиялық көрсеткіш) және Дидактикалық инновациялар. Ш.Т.Таубайқызының авторлығымен шыққан оқу қуралы еңбектерінің тұсау кесері өткізілді.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде еліміздің үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту, тәжірибемен бөлісу мақсатында бірқатар баяндамалар оқылды. Атап айтқанда: пед.ғ.д., Ресей Халықтар Достығы университетінің педагогика кафедрасының профессоры Ермаков Дмитрий Сергеевич «Педагогические проблемы формирования «гибких» навыков: теория и практика»; Абай атындағы ҚазҰПУ математика, физика мен информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор Абылкасымова Алма Есимбековна «Білім беру жүйесінде цифрлықортаны қалыптастыру аясында мектеп пен жоғары педагогикалық білімнің сабақтастығы туралы»; пед.ғ.д., Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетінің Әлеуметтік және отбасылық педагогика кафедрасының профессоры Мардахаев Лев Владимирович «Методологическая культура исследователя»; Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Нургалиева Гуль Кумашевна «Электронные учебники как основное средство цифровой трансформации учебного процесса»; ПҒА президенті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, пед.ғ.д. Кусаинов Аскарбек Кабыкенович «Көрнекті ғалым. Көшбасшы әдіскер. Дана ұстаз.»; пед.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Менлибекова Гулбакыт Жолдасбековна «Вклад профессора Ш.Таубаевой в развитие методологии педагогической науки»; ҚР ҰҚК Шекара академиясының ғылыми қызметті басқару проректоры, Әскери ғылымдар докторы, профессор Абраимов Досай Касымович «Культура великой степи – духовная сокровищница идеологической и воспитательной работы в армии»; пед.ғ.д., Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Майгельдиева Шарбан Мусабековна «Методология педагогической науки – базисная основа научных изысканий профессора Ш.Т.Таубаевой»; пед.ғ.д., Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры Абилдина Салтанат Куатовна «Өмірін ғылымменен өрнектеген ғалым- зерттеуші»; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.к., профессор Алгожаева Нурсулу Сейткеримовна «Педагогикалық мамандықтар даярлаудағы ғалымның рөлі».

Пленарлық мәжілістің жалғасы секция жұмысымен жалғасты. Конференция аясында 6 секция жоспарға сай кесте бойынша онлайн-офлайн форматында жұмыс жасады.

Конференцияның модераторлық тізгінін жүргізген философия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Б. Мейрбаев Философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры, көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының докторы Шәркүл Таубайқызы Таубаеваның 75 жылдығына арналған «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогтердің зерттеу мәдениетін дамыту: тәжірибе және инновациялар» конференцияның қорытындысы бойынша түйіндеме жасады.