Мүсіреп Ғабитов атындағы театрға бару

17 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің студенттері кураторлармен бірге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында болып, Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» қойылымын тамашалады. Олардың арасында «Орыс тілі шет тілі ретінде» мамандығы бойынша Түркіменстаннан келген студенттер де болды.
Ұлы суреткердің: төрткүл дүниенің бір бұрышындағы әсем табиғат аясында алты ересек жан мен жеті жасар баланың тіршілік кешіп, аңыз бен шындықтың ара-жігін атасы айтып беретін ертегілер арқылы ғажайып ретінде қабылдайтын және әкесінің күндердің күні «Ақ кемемен» келетініне сенетін Бала туралы шығарма бәрімізге етене таныс.
Күн шықса шексіз көкжиектерге дүрбімен қарап, кеш батса айдын көлге ақ қанат арман-қиялында «ақ кеме» салып, әкені аңсаумен, ана құшағына жарымай, маңайындағы жандардан жылулық көрмей, атасын ғана медет тұтқан кішкене жүректі, ұлы тілекті ұлдың жайы не болмақ? Бала көзімен әлемнің қуанышы мен қайғы-мұңына үн қосқан, аңызға бергісіз сахналық шығарма студенттерді бей-жай қалдырмағаны анық. Осындай танымдық іс-шараларды кураторлар бірігіп студенттер арасында жиі ұйымдастырып тұрамыз. Жастардың әдебиетіміз бен мәдениетмізді тереңірек біле түсуі, болашақта қазақ деп жүрегі соғатын маман болуына әкелеріне сеніміміз мол.
Басқа жаңалықтар


