"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси газет
Басым бағыт - басты бағдар
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдің дамуының он басым бағытын, оның ішінде Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуін анықтады.
Жоғары білім беруді дамытудың әлемдік бағыттарына сүйене отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру қызметін жаппай жаңашылдандыру қолға алынуда. Сонымен қатар білім берудегі басты назар құзыреттілікке аударылып, білім беру бағдарламаларының жобалары жұмыс берушілердің талаптарына сай жасалуда.
Жаңа экспериментальді білім беру бағдарламалары Кембридж, Оксфорд, Беркли, Бостон, Стэнфорд, Уэльский, Миддисекский және басқа да университеттердің бағдарламаларымен мазмұндас болып, ECTS European Credit Transfer and Accumulation System жүйесі бойынша оқытудың үш баспалдағына (бакалавриат - магистратура - докторантура PHD) сәйкес келеді.
Оқу бағдарламаларының шетелдік бағдарламаларымен сәйкес болуы бізде білім алушылардың академиялық мобильділіктерін белгілі дәрежеде арттырып, студенттеріміз бен магистранттарымыз әлемнің алдыңғы қатарын жоғары оқу орындарында нақты несие бойынша білім алуын қамтамасыз етуде.
Оқытудың сапасын жақсартуды ары қарай дамыту мақсатында әлемдік стандарттарға сәйкес құзыреттілік негізінде бакалавриат, магистратура, докторантураға арналған модульдік оқытудың жаңа тұжырымдамасы жасалды. Модульдік оқытудың артықшылығы, біріншіден, нәтижеге бағытталған оқытуды іске асырудың тиімділігінде және академиялық мобильділікті кеңейтуде болып табылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру интеграциясында, ғылым мен инновациялық қызметте, магистранттар мен докторант PHD дайындауда, жоғары оқу орнынан кейінгі үздіксіз білім беруде, білім беру технологияларының жаңа түрлерін кеңейтуде, соның ішінде e-learnig, ұсынылған қызмет салаларын дамытуда, білім беру бағдарламаларының қоғамның нақты қажеттіліктеріне сәйкес болуы үшін өз қызметін белсенді түрде жалғастыруда.
ҚазҰУ түлегі мәселелерді шешіп қана қоймай, оларды анықтап және тұжырымдап, оны шешуді өз қолына алатын және ұжымда дұрыс қарым-қатынас орнатуға қабілетті бола алады.
Мақсаттарға жету үшін Президенттің Жолдауында атап көрсетілгендей оқытушылар жаңа әдістер мен технологияларды енгізуі тиіс.
Бүгінгі таңда біздің көптеген оқытушылар мәселелік оқыту және жобалық әдіс технологияларын оқу үдерісінде кеңінен пайдаланады. Оқытушылар арасында, университеттік конференциялар мен семинарларда тәжірибе алмасу белсенді түрде жүргізілуде.
Жалпы алғанда, қазір білімді қалыптастыратын, берілетін, практикаға енгізілетін жүйе құрылып, дамуда және ол берілуде, енгізілуде. Оқытушылардың бұл жүйесін қалыптасқан білім беру жүйесі, өздігінен дамып жатқан, педагогикалық құрамның сапасын көтеретін жүйе ретінде қарастыруға болады, бұл Елбасы Жолдауындағы білім беру саласына белгіленген міндеттердің бірі болып табылады. Білім беруде жаңа тиімді формаларды іздеу үдерісіне оқытушыларды қосу кездейсоқ емес, бұл біріншіден, креативтілікпен, жоғары біліктілікпен және біздің оқытушылардың жұмысқа толық берілуге дайындығымен байланысты, екіншіден, бұл университет басшылығының жүйелі, әдісқой, әр салаға бағытталған жұмысының нәтижесі. 42-халықаралық ғылыми практикалық конференция жұмысы келесі бағыттарда жүргізілді:
- Білім беру үдерісіндегі инновациялық әдістер, СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ-дің модульдік оқытудағы жаңа формасы (модератор Ткаченко Игорь Михайлович, Валенсия политехникалық университеті, Испания);
- Оқу үдерісін кітаптармен қамтамасыз ету, электронды оқулықтар жасау (модератор Тимоти Лоу, Ұлыбритания ашық университеті);
- Ғылым интеграциясы, білім беру, өндіріс: академиялық мобильділік, жұмыс берушілер курсы, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау (модератор Тимошенко Виктор МГУ, Ресей);
- Тілдерді үйрету және жалпы білім беру пәндерін оқыту технологиясы (модератор Мехмет Арслан, Юнус Эмре халықаралық ұйымы, Түркия PhD).
«Магистратура және PhD білім беру бағдарламаларын іске асыру-зерттеу университеті қызметінің негізгі бөлігі» және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті информатика кафедрасының 10 жылдығына арналған пәнаралық ғылыми- әдістемелік семинар: «Білім беру үдерісіндегі IT рөлі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Конференция шеңберінде 399 баяндама талқыланып, баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды. Барлық секциялардың модераторлары - шетелдік профессорлар - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлар құрамының жоғарғы біліктілігін, мәселелердің толыққанды талқылануын, конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылуын атап көрсетті.
Студенттерге білім берудің нақты практикалық жолдары мен инновациялық әдістер ұсынылды, сондай-ақ мотивацияны күшейту тәсілдері мен студенттердің өзін оқу үдерісіне тарту жолдары көрсетілді. Тұлғалық бағдарлы оқытуға және тәрбие жұмысын жақсарту жолдарына, халықаралық ғылыми-білім беру қауымдастығының жаһандану жағдайындағы әлемдік білім беру және еңбек нарығының талаптарына, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің интеграциясына бейімделуге ерекше көңіл бөлінді.
Қорыта келгенде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де рейтинг агенттіктерінің әртүрлі бағалауларына сәйкес келетін барлық жағдай жасалғанын айта кету керек. (ҚазҰУ ұлттық рейтингте бірінші орын және QS әлемдік рейтингінде 401-орында) және оқу-әдістемелік, ғылыми инновациялық және тәрбие істеріндегі едәуір жетістіктерімен жоғары деңгейдегі зерттеу университетінің қызметінде көрсете алады.
Гүлнар БАЛАҚАЕВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың проректоры,
Алматы қаласы