- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ұлттық кітапханада Халықаралық кітап сыйлау күнін мерекелеу аясында Ресей Федерациясының консулымен кездесу
Ұлттық кітапханада Халықаралық кітап сыйлау күнін мерекелеу аясында Ресей Федерациясының консулымен кездесу

2023 жылдың 25 қаңтарында Халықаралық кітап сыйлау күні аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ресейдің Бас консулы Евгений Петрович Бобровпен және Алматыдағы Ресей үйінің басшысы Татьяна Викторовна Барышниковамен кездесу өтті. Іс-шара Ресейдің Бас консулы Евгений Петрович Бобровтың құттықтау сөзінен басталды. Кездесу барысында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының консулдығы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне көркем және ғылыми әдебиеттің үздік басылымдарын сыйға тартты.
Іс-шараның мақсаты - кітап беру дәстүрін жаңғырту, халық арасында оқуды насихаттау, студенттердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Қазіргі заманғы технологиялар дәуірінде кітап өзінің құндылығын жоғалтпағанын көрсету.
Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетінің деканы Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы, филология факультеті деканының халықаралық қатынастар және ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі орынбасары Баянбаева Жадыра Амангелдіқызы, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Тәттімбетова Құралай Өмірланқызы, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры Бегалиева Сәуле Баязқызы және де шетелдік студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Басқа жаңалықтар


