2022-2023 оқу жылына арналған мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының үшінші (облыстық) кезеңіFarabi University

2022-2023 оқу жылына арналған мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының үшінші (облыстық) кезеңі

13 ақпан, 2023

2023 жылдың 13-15 ақпанында «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен 2022-2023 оқу жылына арналған мектеп оқушыларының республикалық олимпиадасының үшінші (облыстық) кезеңі өтті. «Қазақ тілі» пәні бойынша мектеп оқушылары сөйлеу әрекетінің оқылым, жазылым, айтылым бөлігі бойынша бақ сынасты. Бұл шараға А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушылары ф.ғ.к. С.М. Иманқұлова мен Ж.Ә.Абдрахманова «орыс мектебіндегі қазақ тілі» пәні бойынша, Л.Т. Әлімтаева мен Ж.Б. Сәткенова «қазақ мектебіндегі қазақ тілі» пәні бойынша әділқазылық жасады.

Мектеп оқушыларының қазақ тілі бойынша тілдік деңгейі, сауаттылығы, грамматикалық дағдылары жыл сайын нашарлап келеді. Оған мектептегі қазақ тілі мен әдебиетінің бірге оқытылуы және қазіргі жаңартылған мектеп бағдарламасы кері әсерін тигізуде.  

"Мектептің тілі болмаған тіл мемлекеттің тілі болмайды" (Х.Досмұхамедов) десек, тіл мен әдебиеттен олимпиадаға қатысушылардың сапасын арттыруға күш салуымыз керек.