ҚазҰУ Қазақстан бойынша алғаш болып жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша жобаны қолға алып отыр

11 наурыз, 2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдік тәжірибе негізінде техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы пәндер бойынша жоғары оқу орындары оқытушыларын даярлау және қайта даярлау жобасы қолға алынып отыр.


12 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы» атты үшкүндік халықаралық семинар-тренинг өз жұмысын бастайды. Ашылу салтанаты ректораттың мәжіліс-залы (15-қабат), сағат 10.00-де өтеді. Тренингтер мен сессиялық мәжілістер механико-математикалық факультетте (№213 ауд.) жалғасады.

ҚазҰУ Қазақстандағы жетекші оқу орны ретінде бірінші болып компьютерлік және ақпараттық технологиялар облысында, бағдарламалық қамтамасыз ету мен бүкіл инженерлік қызметте заң шығарушы Үндістанның жүзден астам инженерлік білім беру орындары кіретін және АҚШ-тың, Үнді-Америкалық әріптестік IUCEE инженерлік білім берудегі жобасына еніп отыр.

Қазақстан-Үнді-Американдық жобаның мақсаты біліктілікті арттыру, техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы пәндер бойынша жоғары оқу орындары оқытушыларын даярлау және қайта даярлау, технологияны үйрететін жаңа үлгілерді ойластырып, ендіру болмақ.

Семинар барысында CIDLab зертханасы өнімдері жайлы үйрететін бағдарламалық тренинг, сессиялар, IUCEE мамандарының, GEDC, IFEES, IASTC, ASEE жетекші инженерлік ұйымдардың қатысуымен дискуссиялы кездесу және әлем университеттерінің (Сингапур ұлттық университеті, Нью-Хэмпшир университеті, Бирла ғылыми-технологиялық институты және басқалар) қатысуымен дөңгелек үстел өтеді. Шетелдік ғалымдар ҚазҰУ оқытушыларымен докторант, магистранттармен кездесіп, арнайы курс оқиды.

Семинарға әлемдік шетекші сарапшылар қатысады:

1. Хосе Карлос Квадрадо - Лиссабон Жоғары Технологиялар Институтының президенті, Португалия (Португалия).

2. Сирам Рамакришна – Сингапур Ұлттық Университетінің вице-президенті

3. Анджей Русинский - Нью-Хэмпшир Университетінің профессоры (АҚШ).

4. Рэймонд Барретт - консалтингілік желі президенті, «American Research and Development» ЖШС бас директоры (АҚШ).

5. Рамиро Джордан - IASTC, ISTEC, Inc орындаушы вице-президент және негізін қалаушы

6. Самуэль Мукаса - Нью-Хэмпшир университеті инженерлік және физика ғылымдары факультетінің деканы (АҚШ).

7. Мандалика Сринивас - Бирла ғылыми-технологиялық институтының профессоры (Үндістан).

8. Стефани Фаррелл - Роуэн университетінің профессоры, Америка инженерлік білім беру қоғамы (ASEE) кеңесінің директорлар мүшесі.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі