Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы

14 наурыз, 2012

14 наурызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Жоғары оқу орындары жаратылыстану және техникалық пәндер оқытушыларын даярлау және қайта даярлау бойынша Қазақстан-Үнді-Американдық жобасы» атты үшкүндік семинар-тренинг өз жұмысын қорытындылады.

«Қазақстан-Үнді-Американдық жобасының» негізгі мақсаты біліктілікті арттыру, техникалық және жаратылыстану ғылымдарындағы пәндер бойынша жоғары оқу орындары оқытушыларын даярлау және қайта даярлау болып табылады. Халықаралақ жобаның ерекше маңызды мәселелерінің бірі ғылыми-білім беру кеңістігін кеңету аясында шетелдік және отандық мамандар пікір алмасты. Шетелдік мамандардың айтуы бойынша, біздің оқытушылар онлайн жүйесі арқылы да білімдерін шыңдай алады. Дегенмен, «техника мамандарын онлайн арқылы оқыту мүмкін емес, сондықтан зертхана жұмысының орнығуы міндетті» деген Лиссабон Жоғары Технологиялар Институтының президенті (Португалия) Хосе Карлос: «Біз ҚазҰУ-дей білім ордасымен байланысқанымызға қуаныштымыз және байланысымызды жалғастыра береміз», - деп атап өтті.

ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов оқу жылы бойы оқытушыларды бұл жобаға жұмылдыру жалғаса беретіндігі жоспарланып отырғандығын алға тартты. Отанды оқытушыларымыз маусым айынан бастап біліктіліктерін шыңдауға кіріседі.

Үш күндік семинар барысында «CIDLab» зертханасы өнімдері жайлы бағдарламалық тренинг, сессиялар, IUCEE мамандарының, GEDC, IFEES, IASTC, ASEE сияқты жетекші инженерлік ұйымдардың қатысуымен дискуссиялы кездесу және әлем университеттерінің (Сингапур ұлттық университеті, Нью-Хэмпшир университеті, Бирла ғылыми-технологиялық институты және басқалар) қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылған. Шетелдік ғалымдар ҚазҰУ оқытушылары мен докторант, магистранттарына арнайы курстар оқып, нәтижесінде қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі