"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
6 маусым, 2012
06.06.12
Уәлихан СЕЙДІЛДӘҰЛЫ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің проректоры: Шетел туралы шындықты ашық айту керек
- Уәлихан Сейділдәұлы, әңгімемізді бүгінгі таңда еліміздегі ғылым мен білім саласындағы жетістіктерден бастасақ. Қазіргі қазақ білімі мен ғылымының деңгейі қандай?
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Білім және ғылым министрлігінің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық дамуын бекіту туралы қаулысы бар. Бұл құжаттардың алғашқы кезеңінде 2015 жылға дейінгі және екінші кезеңінде 2020 жылға дейінгі нақты стратегиялық бағыттар белгіленген. Осы бағыттар бойынша мемлекетіміздің алға қойған мақсаттары - өте жоғары. Құжаттардың мазмұнына қарасақ, мұнда Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын жоғары халықаралық деңгейге көтеру көзделген. Оның ішінде, әсіресе, еліміздің жоғары оқу орындарын бүкіл дүниежүзі танитын оқу орындарының қатарына қосу. Бұл бағытта қандай мақсаттар қойылған десек, ол мақсаттар: кәдімгі халықаралық агенттердің талаптары, яғни біз өзіміздің университетімізді халықаралық деңгейге көтергіміз келсе, сол талаптарға сәйкес болуымыз керек. Білім және ғылым министрлігінің жүргізіп жатқан саясатының білімді дамытуға арналғаны көрініп тұр. Бұл - Қазақстан университеттерін болашақта Еуропа, Америка елдерінің алпауыт университеттерімен бәсекелестікке ұмтылдыру. Ал сол деңгейге жету үшін қандай жұмыстар істеу керек? Ол үшін біз өзіміздің университетімізді тізбектеп саты-сатыға бөлуіміз керек. Елбасы
Н.Назарбаев айтып кеткен 146 жоғары оқу орындарын сатылауымыз керек. Қазақстан заңдарына сәйкес ұлттық зерттеу университеті, ұлттық университет, зерттеу университеті, мемлекеттік университет, академиялар, институттар және орта білімді оқу орындары мен колледждерге бөлуіміз керек. Бөлу үшін де әр сатының өзінің талаптары болуы қажет. Ал қойылар талаптар халықаралық деңгейде жақсы анықталған. Мысалы, зерттеу университетінің талаптары өте жоғары. Оның ішінде қойылатын талаптарға ғылым мен білімнің тығыз байланыстылығы ғылыми-инновациялық өндіріске бейімделуі, студенттер мен мұғалімдердің халықаралық әдіс алмасуы, ғылыми жұмыстарының нәтижесін халықаралық дәрежедегі басылымдарда жариялау, эндаумент және т.б. Осы бағытта университеттерімізді сұрыптап және халықаралық деңгейге көтеріп, көш басын белгілеп алсақ, онда қалған университеттер салыстырмалы түрде өз орнын тауып алар еді. Бұл жерде Білім және ғылым министрлігіне артатын жауапкершілік және міндет өте биік.
Тәуелсіздігімізді алып, еңсемізді тіктегелі жиырма жыл болды. Осы уақыт ішінде біздің жеткен жетістігіміз не десек, ол сөзсіз білім дер едім. Бүкіл дүниежүзіндегі халықтармен салыстырар болсақ, қазақ елінің жастары өте білімді. Оған бірнеше рет көзім жетті. Жұмыс бабымен, бөлінетін гранттармен болсын бірқатар шет мемлекеттерді араладым. Ұстаз болғандықтан кәсіби қызығушылығыммен шет мемлекеттегі жоғары оқу орындарының оқытушыларынан бастап, есік алдындағы күзетшіге дейін түгел дерлік дидарласып, емен-жарқын әңгімелестім. Егер шет мемлекеттерге ресми сапарлармен бара қалсаң, шетелдерде арнайы зертханаларын көрсетіп, жеткен жетістіктерін паш етеді. Ал мен арнайы уақыт бөліп, барлығын түгел аралағанды жөн көрдім. Соның арқасында қазақ жастарының білім деңгейінің жоғарылығын, біздегі бағыттың дұрыс екендігін аңғардым. Елімізде білім мен ғылымның өркендеуіне барынша мән берілуде.
Академик Б.Жұмағұлов басқарып отырған Білім және ғылым министрлігі Елбасы Н.Назарбаевтың білім және ғылым туралы алға қойған барлық міндеттемелерін іске асырып келеді. Мәселен, былтыр ғана «Ғылым туралы» заң қабылданды. Ол заң барлық ғылымды қамтып, алдағы бірнеше жылдарға жол сілтеп, даму бағытын көрсетіп отыр. Бұрындары ғылымға бөлінген қаражат көңіл көншітпейтін. Мәселен, бөлінген қаражат қажетті құрал-жабдық алуға жетсе, ғылымға жетпейтін. Ал қазір елімізде халықаралық деңгейде жабдықталған мемлекеттік лабораториялар, инженерлік лабораториялар құрылды. Айта кету керек, ғылымға бөлінген қаражат өркениетті мемлекеттердің деңгейімен бірдей болып, тіпті бізде бар бағдарламалар кейбір елдерде жоқ. Сондай-ақ ғалымдар арасында гранттар, өркениетті елдердегіден кем түспейтіндей қаражат та бөлінеді. Мысалы жыл сайын бөлінетін 200 жоғары оқу орнының үздік оқытушы гранты бар. Әрине, бұл тұрғыда мол қаражат бөлінгендіктен, жауапкершілік те зор болуы тиіс. Егер арнайы грантты жеңіп алған ғалым ғылыми жаңалығы үшін жұмсалған қаржыға дұрыс есеп бере алмаса, онда келесі жолғы гранттық байқауларға қатыса алмайды. Сол себепті ғалымдар өз ісіне жауапкершілікпен қараса, сапа жақсара түсер еді. Ғалымның ашқан жаңалығы, ғылыми жобасының маңыздылығы мен өзектілігі болмаса, олар беделді ғылыми басылымдарда жарияланбайды. Яғни нәтижесі болмайды. Ал соңғы жылдары «Болашақ» бағдарламасына да мемлекет тарапынан үлкен өзгеріс енгізілді. Бұл біздің мемлекетіміздің өсіп, келешегіне үміт артып отырғанын байқатады.
Қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге тек магистранттар, докторанттар және біліктілігін арттыру үшін білім және ғылым қызметкерлері жіберіледі. Бұл - өте дұрыс бағыт. Ал өзіңіз ойлап қараңызшы, мектептен кейін жастарымызды жіберсек, олар сол барған мемлекеттің сөзін сөйлеп, саясатын қолдап кетеді. Біздің болашағымыз - жастар. Сондықтан жастардың ішінде ең талапты, талантты студенттерімізді шетел университеттеріне жіберіп отырсақ, олардың ішіндегі болашақтан үміт күтетін жастарымыз сол университетте, сол мемлекетте әртүрлі қорлар мен гранттардың қармағына ілініп қалып қояды. Сол себепті жастар арасында патриоттық сезімді және өз еліне деген сүйіспеншілікті жоғары дәрежеде насихаттап, осы бағытта тәрбиелеуіміз керек. Ал Назарбаев университеті және мектептері сияқты оқу орындары басқа мемлекеттерде жоқ. Бұл жобаның табысын да, жемісін де болашақта көретін боламыз.
- Жаңалық тұрғысында айтсақ, қазақ ғалымдарының ашқан жаңалығы шетелдерде көптеп қолданылады, елімізде еленбейді деген пікірлер де бар. Осымен келісесіз бе?
- Өндіріс саласы мен ғылымның дамуына септігі тиер жаңалықтарды шатастырмау керек. Бізде көш бастап келе жатқан іргелі ғылым бар. Іргелі ғылым болашаққа жұмыс істейді. Ғалымдардың патент, қағаз жүзіндегі жаңалықтарын өндіріске енгізу үшін біраз уақыт қажет. Ал енді қазіргі қолданбалы ғылым жаңалықтары болса, оларға патент алып, өндіріске енгізу үшін жағдай жасау керек. Ал өндірісте сұраныс бар. Қолданбалы ғылым жаңалықтары енгізілсе, құба-құп болар еді. Сұраныс болмаған жерде жаңалық енгізілсе, оның маңызды да болмайды. Ғылымдағы жаңалықтар теория жүзінде енгізіліп, тексеріледі, содан кейін тәжірибе арқылы жүзеге асады.
- Шетел көріп, талай елді араладыңыз. Білім саласындағы кей жаңалықтарды шетелден аламыз. Бүгінгі еліміздегі білім беру саласы мен шетелдегі білім беру саласын салыстырып көрейікші. Айырмашылықтар немесе қандай да бір ұқсастықтар бар ма?
- Өзге елдермен араласу үшін Боллон конвенциясын қабылдадық. Кредиттік жүйемен білім алудамыз. Әрине, кез келген мемлекеттегі жылт еткен жаңалықтың жақсы тұсын алу керек. Шын мәнінде қажет емес ғылымдар да бар. Мәселен, Америкада бір университет тұтастай христиандықты зерттеумен айналысса, тағы бірі Африкадағы бір тайпаның өмір сүруін және әдет-ғұрпын зерттейді. Бұл баяғы басып алу, жаулап алу, отаршылдық саясатының қалдықтары ғой. Бізде мұның бәрі жалпы мәліметпен беріледі. Ізденушілеріміз бірнеше тілді меңгерген, барлық жағдай жасалуда. Өзге елден келген ғалымдар біздің елдегі білім беру жүйесіне таңғалып, таңдай қағып кетеді.
Білім және ғылым министрлігіндегі іске асырылып отырған екінші жоба - ол PhD бағдарламасы бойынша ғылым докторларын дайындау. Бұл жобаның ашылғанына біраз уақыт болды, басында экспериментальдық түрде ашылды. Ал кейін академик Б.Жұмағұловтың тікелей бақылауының арқасында бір жүйеге келді. Енді PhD студенттерінің академиялық дәрежесі ғылыми дәрежеге айналды, яғни олар бітіргеннен кейін ғылыми атақ алып шығады және біздің бұрынғы кандидаттар мен докторлардың қатарын толықтырады. Кей ғалымдар PhD докторларын онша менсінбей, оларға жоғарыдан сын көзбен қарайды, тіпті олардың біліміне күмән келтіргісі келеді. Бұл туралы менің айтарым, олардың білімі қазіргі заманға сай деңгейде және шетел тәжірибесін айлап, жылдап өтеді. Олардың мақалалары шетелдердің ең жоғары деңгейдегі импакт-факторы бар ғылыми басылымдарында шығады. Ал ондай басылымдарда біздің бұрынғы кандидаттарды былай қойғанда, тіпті кейбір профессорлардың мақалалары жоқ. Бұл бағдарлама маңызы жағынан өте көрегендік және дер кезінде жасалған. ТМД елдерінде мұндай жоба әлі күнге дейін жоқ. Бұл жобамен танысқан ТМД елдерінің профессорлары «Сіздің елдің жастары қандай бақытты» деп таңдай қағады. Өкініштісі, өз елімізде осындай үлкен ізгі іске ел арасында кең көлемде мән берілмейді. Ал Еуропа елдеріндегі білім беру жүйесі өзгешелеу, әрине. Еуропада оқытушылар арасында насихат, мотивация бар. Оқытушылар өз деңгейін көтеру үшін талпынады. Әр бес жыл сайын арнайы аттестациядан өтеді. Егер қандай да бір ғылыми жобалары, мақалалары жарияланбаса дәрежесі төмендейді. Ал бізде ғалымдар жаңалығы бар ма, жоқ па, жұмыс жасап жатыр ма, жоқ па әйтеуір профессор атанып, жүре береді.
- Америкаға бірнеше рет сапар шегіпсіз. Нені байқадыңыз, неден үлгі алуымыз керек, неден жиренуіміз керек?
- «Білгеніңді емес, көргеніңді айт» дейді ғой. Шетелдерге шығып, көрген білгенімді баяндап берейін. Біз бакалавриаттарды, магистранттар мен доктаранттарды шетелге жиі жібереміз. Бұл дұрыс. Жастардың ел көріп, жер көріп келгені қажет-ақ. Бірақ біз жастардың баратын жерін таңдауымыз керек. Шетел екен деп кез келген мемлекетке жіберуге болмайды. Тек білім деңгейі жоғары оқу орындары бар мемлекеттерге жібергеніміз дұрыс. Мәселен, Американың мемлекеттік департаментінің гранты бойынша Америкаға іссапарға барып келдім. Сондағы көргенімді айтайын. Америкада Сан Диего, Лос-Анджелес, Ирвин сынды университеттер бар. Аталмыш білім ордалары Калифорния штатында орналасқан. Университеттерде дәріс оқып жүріп байқағаным, Америкадағы ізденушілердің басым бөлігі Оңтүстік Корея, Қытай, Сингапур, Малайзия, Тайвань сынды мемлекеттерден келген жастар. Студенттермен араласып, жөн сұрасып көрдім. Аталмыш университеттердің факультеттерін де саралап көрдік. Азия мемлекеттерінен келген ізденушілер көбіне банк жүйесі, экономика, әлеуметтік ғылымдар сияқты гуманитарлық бағыттағы факультеттерде білім алады. Ғалымдардан: «Бұл қалай, өзге елден келген студенттер неге тек гуманитарлық бағыттағы факультеттерде оқиды?» деп сұрап, сөзге тарттым. Сонда профессорлардың бірі: «Бізге ізденушілердің білім алып, жаңалық ашқаны қажет емес. Әрбір студент жалпы көлемі жүз елу мың АҚШ долларын төлейді. Сол соманы уақытында алып отырсақ, сол ақша бізге жетеді. Университетті бітірген студенттің қолына мөр басылған дипломды табыстаймыз. Ізденуші еліне барып жұмыс істей ме, жұмыссыз қала ма ол біздің шаруамыз емес» деп жауап берді. Қарап тұрсақ, ғарыш кемелері айға барып қонған, атом бомбасын бірінші болып дайындаған алып Америкада
өзге елден келген студенттер тек гуманитарлық бағытта ғана білім алады. Ал техникалық ғылымдарды үйрететін университеттерде тек америкалықтар білім алады. Тіпті сондағы жергілікті ғалымдар да мұны мойындады. Ғалымдардың айтуынша, Америкада білім ордалары шетелге диплом сататын университеттер мен нақты ғылымдарды үйрететін университеттер болып екіге бөлінеді екен. Әлемге атышулы университет болғанымен, онда шетелдік студенттер де білім алады. Алайда қандай да бір жаңалық ашуға қауқарсыз және бітіргеннен кейін тек ізденуші қызметін атқарады. Тіпті америкалықтардың өзі ішінара бірнеше топқа бөлінеді екен. Төлқұжаттары бойынша америкалықтар А,В,С деген топтарға бөлінеді, яки нағыз өзіміз дегенді меңзейтін арнайы таңба бар. Мәселен, «А» тобындағы азаматтардан президенттер де, ірі компаниялардың басшылары да, сенаторлар да шығады. Ал енді «В» белгісіндегі топқа әкесі немесе атасы иммиграциямен келіп, Америкада туылған азаматтар жатқызылады. Бұл топтағы азаматтар да президент болып сайлануға құқығы бар, бірақ оларға сенім аздау болады. Өзі иммиграциямен келіп, жақын арада ғана АҚШ азаматтығын алған америкалықтар «С» таңбасын иеленіп, үшінші топқа жатқызылады. Ең қызығы «А» тобындағы азаматтар атышулы «Лос-Аламос» зертханасы, NASA сияқты ірі орталықтардың кез келген бөліміне еркін кіре алса, «В» тобындағы азаматтарға белгілі бір бөлімдерге шектеу қойылады, ал «С» тобындағы азаматтар орталықтың дәлізімен жүріп, тек өз жұмыс бөлмесіне ғана кіре алады, басқа есіктер оларға толығымен жабық. Америкада ұлттық қауіпсіздіктің деңгейі, міне, осындай. Біз Америка демократияшыл мемлекет, олар ғылымға аса мән беріп, барлық жағдай жасайды деп қызығамыз. Иә, расында солай. Өзге елден келген ғалымдардан қаражат аямайды, жағдайын жасайды. Бірақ оларға әлгіндей шектеу қойылады. Тек ғалымдар мұндай шектеулі қоршауда жүргенін өздері байқамайды және олар тек жай қызметші қатарынан аса алмайды, ал лауазымды қызметке жол жабық.
Былайша айтқанда, Америка өзге елден келген ғалымдарды пайдаланады. Ресей болсын, Қазақстан болсын, әйтеуір өзге елден келген ғалым ебедейсіз бір қылық жасаса дереу жұмыстан шығарылады. Тағы бір айта кетерлігі, әлемді шарлаған «Гербалаевтың» бас штабы Ирвин мен Лос-Анджелестің ортасында орналасқан. Ғимараттың маңына барып көрдім. Ғимараттың сыртында: «Гербаллаевтың өнімдері тек шетелде ғана сатылуы тиіс» деген жазу бар. Америкалықтар өздері жасаған өнімді өздері тұтынбайды екен.
- Америкалықтар өте бақуатты тұрады деген пікірмен жастарымыз аталмыш мемлекетке баруға талпынады. Шын мәнінде солай ма? Америка халқының әлеуметтік жағдайы қандай?
- Американың халқы үш жүз миллион адамды құрайды. Солардың тек он бес пайызы ғана шын мәнінде бақуат өмір сүреді. Дәрігерлер, мұғалімдер, жұмысшылар мен қызметкерлер әлеуметтік жағдайы орташа халықты құрайды. Бұлар жалпы халықтың қырық пайыздайы болады. Халықтың жартысының әлеуметтік жағдайы тым нашар. Бірақ олар өздерінің кедей тұратынын білмейді. Күндіз-түні теледидар арқылы халыққа «сендер ең бай мемлекетте өмір сүресіңдер» деп насихат жүргізіп тұрады. Кедей халықтың өзге елге шығуға шамасы жоқ. Сондықтан олар өз тұрмысын өзгелермен салыстыра алмайды. Байқасаңыз, америкалықтардың көбісі толық адамдар. Мұның бәрі олардың тамақтану тәртібінен. Халықтың көп бөлігі «fast food» арқылы жеңіл-желпі тамақтанады, ал дұрыс тамақтануға қалтасы көтермейді.
Осындай екі стандартты көргеннен кейін менің пікірім күрт өзгерді және өзіміздің елдің жағдайына біраз уақыт көңілім толмады. Әсіресе, «Болашақ» бағдарламасына мол қаржы жұмсалып, ізденушілеріміздің оқып жүрген университеттерінің деңгейіне риза болмадым.
- Дегенмен, америкалық арманды қуып, елімізден АҚШ-қа баруды мақсат тұтатын қаракөздеріміз көп қой...
- Осы тұрғыда айта кетейін. Кезінде Ресейден, Беларуссиядан, Украинадан байлыққа белшесінен бату үшін Америкаға кеткендер көбіне даяшы, еден жуушы, күтуші, күзетші болып жұмыс істейді. Көбісі тіпті кері қайтуды да армандайды. Біздің жастарымыздың ішінде Америкаға баруды арман санайтындар да аз емес. Үлкен-үлкен ғимараттарды, Голливуд артистерін көрген жастарымыз сол елде қалуға тырысып бағады. Бірақ англо-саксондықтар алып империяны билеп тұрғанда, өзге елден келген азаматтарға барынша жол жабық.
Аталған елге барған азаматтар қалайда Отанына оралуға мүделлі болуы тиіс. Қазақ «Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол» деп бекер айтпаса керек. Қазіргі таңда, бізде білім саласы жетіліп, барынша жағдай жасалуда. Әрине, өз елінде біраз жетістікке жеткен азаматтар одан да биік белесті бағындырам деп, шетелге талпынады. Осы тұрғыда жастарға патриоттық тәрбиені сіңдіре білуіміз керек.
- Оңтүстік Кореяға да жолыңыз түскен екен. Оңтүстік Корея туралы айтып берсеңіз...
- Оңтүстік Кореяда қырық сегіз миллион халық бар. Кореяны асырап отырған «LG», «Samsung» сияқты екі ірі компания. Оңтүстік Кореяның бес миллион халқы аталмыш екі компанияда қызмет атқарады. Таңертең көше мұнтаздай таза боп тұрса, түс қайта қала көшелері ластанып кетеді. Себебі, жайма базардың қалдықтары қаптайды. Әрине, бай, қуатты адамдар өмір сүретін элиталы аудандар бар. Бірақ аталмыш аудандарда негізінен қос компанияның қызметкерлері тұрады. Кореядағы ең басты проблемаларының бірі - көршілер проблемасы. Өйткені терезені аша қалсаңыз бір жарым метрден кейін көршіңіздің терезесі тұрады. Үйлері тым тығыз орналасқан. Осы мәселені шешу үшін кореялықтар терезелеріне табиғаттың түрлі көрінісін көрсететін кішігірім экрандарды орнатады. Бұл адамдарға психологиялық жағынан қолайлы жағдай туғызудың бір түрі болып саналады екен.
- Біраз елді аралап, салыстырып көрдіңіз ғой. Қандай қорытындыға келдіңіз? Қазақ елінің өзгелерден оқ бойы озық боларлықтай ерекшелігі һәм артықшылығы неде?
- Өзге елдермен салыстырғанда Қазақстан - өте бай мемлекет. ЮНЕСКО-ның сараптамасы бойынша, Қазақстан бір миллиард халықты асырай алады. ЮНЕСКО-ның тағы бір ағылшын тілді сараптамасы бар. Біз мәселен тегін білім беру, ауызсудың қолжетімділігі сияқты құндылықтарды елей бермейміз. Жоғарыда аталған сараптама бойынша біз - алдыңғы қатарлы елміз. Менің тағы бір байқағаным, әр мемлекеттің өзіндік бір ерекшелігі бар екен. Мәселен, Швецария десек - сағат, Голландия десек - әуе қатынастары, техника десек - Жапония, көлік десек - Германия елестейдi. Ал «Қазақ елінің басты құндылығы неде?» деген сұрақ туады. Көлік шығарып неміспен, сағат шығарып Швецариямен бәсекеге түсе алмасымыз анық. Бәсекеге қабілетті тұсымызды анықтап, дүниежүзілік бәсекелес елдердің арасынан өз орнымызды табуымыз керек. Соның бірі - білім мен ғылым десем, артық айтқандық емес. Біз халқымыздың саны жағынан 76-орында тұрсақ та спорт жағынан алдыңғы қатардамыз. Яғни жастарымыз мықты, ешкімнен кем емеспіз. Елдің ертеңгі іргесін берік қып қалайтын да жастар. Сондықтан оларды дұрыс тәрбиелеп, білім берсек, біз алдыңғы қатарлы елдердің тобынан көрінеміз.
Бір айта кететін жағдай, соңғы дүниежүзілік математикалық олимпиадада біздің жастар командалық есепте алғашқы ондықтан көрінді. Тек математика ғана емес, ғылым саласының барлық түрінен жастар бой көрсетіп, озық атанып жүр. Алда осы бағытты жоғалтпай, нығайта түсуіміз керек. «Ерім дейтін ел болмаса, Елім дейтін ер қайдан болсын» деген аталы сөз бар. Елім дейтін ерді тәрбиелеу - бүгінгі заманның басты талабы.
- Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан
Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ
Басқа жаңалықтар
28 қараша, 2024
28 қараша, 2024
28 қараша, 2024