XXI Ғасыр – Қазақстанның алтын ғасыры

15 желтоқсан, 2012

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстанның тәуелсіздігінің 21 жылдық мерей тойының қарсаңында, жаңа ғана есігін айқара ашқан Астананың Опера балет театрында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті халыққа жолдауын жариялады.

«Қадірлі отандастар!» деп бастады өзінің жолдауын. Тәуелсіз ел болып өмір сүре бастаған 21 жылда ғасырға татитын тарихи жолдан өттік. Осы мерзімде ұлан ғайыр табыстарға жеттік. Оған дәлел: ата заңымызды қабылдадық, дербес даму жолын таптық, жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа белеске шықтық. Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған ұзақ мерзімді стратегия 2030 бізге даму жолымызды “маяк” тәрізді көрсетті. Халқымызда көз қорқақ – қол батыр деген ұлағатты сөз бар. Сол бағдарламада межелеген 7 бағытты толық орындадық. Ең бастысы ұлттық қауіпсіздігімізді қорғай отырып, мыңдаған шақырымдық еліміздің шекарасын анықтап дербес мемлекеттік қауіпсіздігімізді сақтап отырмыз. Саяси тұрақтылықты сақтау үшін Халықтар достығы ассамблеясын құрып еліміздегі тұрақтылық ұлтаралық татулықты дамыттық. Экономикамыз өркендеп, дүние жүзіндегі алдынғы қатардағы 144 елдердің ішінен 50-ші орынға ендік. Алтын-валюта қорымыз 87 миллярдқа жетіп халықтың табысы 16 есеге көтерілді. Денсаулық сақтауға, ғылым мен білімге 9 жарым есе қаржы бөліп 240 мектеп, 708 аурухана салдық. Халықаралық стандартпен білім беретін Назарбаев Университетін ашып, жастарымызға білім бере бастадық. Қортып айтар болсақ ұзақ мерзімге бағытталған 2030 стратегиялық бағдарлама толығымен, мерзімнен бұрын орындалды. Осының бәрі соңғы 20 жылда жеткен жетістіктеріміз. Біз осы жетістіктермен шектеліп қоймай одан әрі даму жолдарын жоспарлауымыз керек.Сондықтан ұлтымыздың дамуының жаңа саяси бағыты 2050 стратегиясын дайындадық. Бұл бағдарламаны дайындауға өзіміз бен қоса дұние жұзілік алдыңғы қатарлы елдердің сараптау мамандары қатысып жасаған 2 жылдық еңбегі. Бұл жолдау басқа жолдаулардан өзгеше. Біздін алдымызда жаңа міндеттер тұр. ХХІ ғасырда жаңа глобалды жағдайлар туындалып келеді. Оның ішінде кең ауқымды экономиканың батыстан шығысқа яғни орталық Азия континенттеріне ауысуы. Дүние жүзінде халықтың саны өсуде 2050 жылы 9 миллиардқа жетеді осындай халықты азық-түлікпен қамтамассыз ету мәселесі қалай болады, табиғи ресурстар қоры азайып барады. Әлеуметтік жағдай оның ішінде тұрақсыздық, жұмыссыздық дүние жүзілік дағдарыстың жаңа қауіпті толқынын туындала бастады. Осы мәселелер бізді де қатты толғандырады. Осыған орай, келе жатқан дағдарысқа қарсы тұра алатын, одан шығу жолдарын кәзірден бастап ойлануымыз керек. Осы ұзақ мерзімді 2050 стратегиялық бағдарлама соған арналып жасалғандығы Елбасының көрегендігі. Стратегияда көрсетілген бағыттардың ішінде заманауи технологияны меңгерген кадрларды дайындау, жастарға сапалы білім беру ең басымды бағыт, себебі мемлекетімізді дамытудың басты қозғаушы күші жастар деп айтқаны білім-ғылым саласында еңбек етіп жүрген профессорлар мен оқытушыларға арналып айтылған міндет деп білеміз. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жолдауының соңында қазақстандық патротизмді дамытуды, насиқаттауды ұлтаралық татулықты, көпұлттылықты көпконфессиялықты әрбір этнос өзінің дәстүрін тілін сақтай отырып, ұлттық тілдің дамуына ат салысуы керек деді. Елбасы «XXI ғасыр – Қазақстанның алтын ғасыры, біздің ұрпақтарымыз алтын ғасырда өмір сүреді» деп өзінің бағдарламасын аяқтады. Осындай даналық көрегендік ойлары алдыңғы қатарлардағы аға буын ретінде казіргі таңдағы орта буынға одан кейінгі жас буынға, болашақ ұрпақтарымызға үлкен өсиет болатынына кәміл сенемін.

Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы,

әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі б,ғ,д профессор