"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
28 желтоқсан, 2012
Тарих ғылымының тағылымы көп
28.12.12.
Өркениеттің негізгі белгісі - мемлекеттің рухани және мәдени қуатының, ғылымы мен білімінің жоғары болуында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ХХІ ғасыр - білім және ғылым ғасыры болады» деп, жастардың жан-жақты білім алуына үлкен мән берді. Қазақстан тарихы ғылымын өркендету барысында Н.Назарбаев биылғы жылы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласының 13 тапсырмасында Қазақстан тарихы пәніне қатысты оқу бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу құрамына сараптама жасауды, оқу орындарында ел тарихын оқытудың мазмұны мен сипатын өзгертуге бағытталған іс-шаралар өткізуді міндеттеген еді.
Елбасының бағдарламасын жүзеге асыру жолдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтановтың басшылығымен тарих, археология және этнология факультетінде талқыланды. Іс-шараға аталмыш факультет ұстаздары және басқа да жоғары оқу орындарының тарихшы ұстаздары қатысты.
Тарихшы ғалымдар Қазақстан тарихы пәнін оқыту барысындағы маңызды мәселелер мен Қазақстан тарихы ғылымының бүгіні мен болашағын талқылады. Іс-шара барысында ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков Елбасының оқу құралдарына сараптама жасау тапсырмасына сәйкес, кафедра ғалымдарының жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан тарихынан 12 автордың оқулықтарына жасаған сараптама қорытындыларымен таныстырды. Қаралған мәселелердің негізгісі - тарих пәніне қатысы жоқ факультеттердегі Қазақстан тарихынан қабылданатын емтиханды 3-курсқа ауыстыру мәселесі болды. Жиналған ғалымдар бұл мәселеге өз қарсылықтарын білдіріп, қаулы қабылдады. Егер мемлекеттік емтихан 3-курсқа ауыстырылған жағдайда, біріншіден, тарихшы ұстаздардың оқу жүктемесі қысқарады, екіншіден, жұмыссыз қалған тарихшылар мамандықтарын өзгертуге мәжбүр болады. Бұл жағдай тарих ғылымының дағдарысына алып келері сөзсіз. Сонымен қатар отырысқа қатысқан тарихшылар елімізде 140-қа тарта ұлт өкілдерінің өмір сүретінін ескере отырып, Қазақстан тарихы пәнін ЖОО-да оқыту міндетті және бұл пән ЖОО-ның қабырғасын аттаған сәттен басталғаны жөн деп шешті.
Тарих ғылымы арқылы ұлттық құндылықтар жүйесінің ұрпақтан- ұрпаққа берілетінін ұмытпағанымыз жөн. Бүгінгі таңда ұрпақ алдында: «Қазақстан -2030» бағдарламасындағы. Ұлттың болашағы - тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, санасы, ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық әрекетті ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде. Дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан студенттер оқытушы берген білім мен тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыра жалғастырып, өзін-өзі әрқашанда дамытуының нәтижесінде жаңа заманның зиялысы, өз мамандығының шебері бола алады. Тәуелсіздік жылдары тарих ғылымы саласында орын алған өзгерістер халықтың ұлттық санасына үлкен әсерін тигізді. Ұлттық сананың өсуімен бір мезгілде халықтың өткен тарихқа деген қызығушылығы артты. Бұл жағдай жылдан-жылға айқын байқалуда. Сондықтан ЖОО қабырғасын аттаған студенттердің Қазақстан тарихын 1-курстың алғашқы семестрінде оқығаны өте дұрыс деп санаймыз.
Бүгінгі таңда әртүрлі контрмәдениеттік жастар ұйымының көбейіп бара жатқанын ескерсек, ұлттық мәдениет құндылықтарын дәріптеуші құрал ретінде «Қазақстан тарихы» пәнінің рөлі зор. Өйткені статистикалық мәліметтерге жүгінсек, мемлекеттік тәртіпке қарсы жастар ұйымы құрамын негізінен, 14-18 жас аралығындағы жастар құрайды екен. Жоғары оқу орындарында оқу үрдісі барысында студенттерді тәрбиелеу жұмысы бірге жүргізіледі. Бұл бағытта да тарих ғылымының қосатын үлесі ауқымды. Өйткені ұлттық тарихты, ұлттық бағалықтарды оқыту барысында жастардың ұлттық санасының өркендеуі сөзсіз.
«Қазақстан тарихы» пәнін оқу барысында студент өзін тарихи-мәдени контекстің ажырамас бөлшегі ретінде сезініп, өркениет кеңістігіндегі бағытын анықтайды. Сонымен қатар «Қазақстан тарихы» курсын оқу барысында студенттің тарихи ой тұжырымдауы дамиды. Студент өткен тарихты сол дәуірдің бағалықтары, идеологиясы негізінде түсініп, бүгінгі көзқарас тұрғысынан жаңаша баға беруді үйренеді. Бұл бағытта да Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің ұстаздары қажымай еңбектенуде. Бүгінгі таңда тек «Қазақстан тарихы» кафедрасының жанында 4 тарихи үйірме жұмыс жасайды. Үйірме жетекшілерінің ұйымдастыруымен апта сайын тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, құрамы негізінен, журналистика факультетінің 1-курс студенттерінен тұратын «Жас тарихшы» үйірмесі оқу жылы басталғаннан бері тіл мейрамына орай, діни экстремизммен күреске бағытталған, Президент күніне орай тағы басқа мерекелерге байланысты іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл іс-шаралардың, біріншіден, тәрбиелік мәні зор, екіншіден, жастардың ұйымшылдығын, Отанына деген сүйіспеншілігін арттырады.
«Қазақстан тарихы» - гуманитарлық пән. Сондықтан дәріс оқудың өзі өнер десек, қателеспейміз. Антикалық дәуірде тарихқа өнер ретінде қарап, тарихты қолдаушы Клио есімді құдайға табынған. Қазақтың ұлттық фольклорында да сөз өнеріне үлкен мән берілгені белгілі. «Сөз - өнер атасы» деп, шешендік өнерге тәрбиелік мән беріп, ұлы бабаларымыздың шешендік өнерін үлгі тұтқан халықпыз. Соған орай өзге факультеттерде тарих пәніне ораторлық өнерді уағыздаушы құрал ретінде де қарағанымыз жөн.
Ұлттық сана мен ұлттық тарих - тығыз байланыстағы ұғымдар. Ұлттың тарихын білетін адамның ұлттық санасы да жоғары болады. Бабаларымыз «жеті атасын білмеген жетім» деп, тарихи санаға зор мән берген болатын.
Самал САРЖАНОВА,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы,
Алматы

Басқа жаңалықтар
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024
29 қараша, 2024