- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Корея Республикасының ұлттық университеті арасында білім және ғылым саласында әріптестік жөнінде келісімге қол қойды
Қазақстан және Корея Республикасының ұлттық университеті арасында білім және ғылым саласында әріптестік жөнінде келісімге қол қойды
2009 жылы 9 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға университет президенті Донгил Нох мырзаның басшылығымен Киюнпук ұлттық университетінің (Корея Республикасы) делегациясы келді. Делегацияның келу мақсаты - Киюнпук ұлттық университеті мен Қазақ Ұлттық университетінің арасында білім және ғылым саласында әріптестік жөнінде келісімге қол қою.
Кездесу барысында ректор Бақытжан Жұмағұлов пен президент Донгил Нох мырза Киюнпук ұлттық университеті мен Қазақ Ұлттық университетінің болашақ әріптестік жағдайлары сөз болып, екі жақ оқу орындары арасындағы келісімге қол қойды.
Құжатқа қол қою әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне әлем елдерінен шәкірттерді шақырып, арнайы мәдени шаралар ұйымдастыратын Киюнпук университетінің халықаралық білім бағдарламасы шеңберінде Корей Республикасында 1 сесместр оқуға мүмкіндік береді. Қол қойған құжат негізінде ҚазҰУ мұғалімдері қызсы немесе жазғы семестрде ағылшын тілінде 3 кредиттен тұратын курс оқуына болады.
Донгил Нох мырзаның айтуынша оның университетімен тек білім алу үшін ғана емес, сондай-ақ ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік беретін мықты база жасақталған. Бүгінгі таңда Киюнпук ұлттық университетінің 1000-нан аса оқытушылар құрамы, 700-ден аса әкімшілік қызметтегі мамандары бар 17 колледж, 14 магистратура бар. Мұнда 35 мыңнан аса бакалавр студенті, магистранттар мен Ph.D. докторанттары білім алуда. Корей ірі оқу орны инфрақұрылымында 80-ге жақын ғылыми-зерттеу институттары бар.
Өз кезегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры келген қонақтарға Кореяның жоғарғы оқу орындарымен шет ел тілдерін оқытуда, білім саласында студенттермен алмасу тәжірибесі берік қалыптасқандығын айтты. Сонымен қатар академик Жұмағұлов корейлік әріптестерін университеттің ғылыми жетістіктерімен, зерттеу университеті ретінде бағдарлайтын оқу орынның жаңа стратегиясымен таныстырды. ҚазҰУ ғалымдарының қолданбалы математика, теориялық физика, нанотехнология, биотехнология және т.б. ғылым саласында жетістіктері көп. Сондықтан осы және өзге салалар бойынша әріптестік жұмыс жасауға мүдделі екендігін айтты.
Кездесу соңында қонақтар бір-бірімен естелік сыйлықтар алмасып, қазан айының ортасында Елбасының қатысуымен өтетін ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына ресми түрде шақыруымен аяқталды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі