- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Жапония: ядролық энергетика саласында маман дайындаудағы әріптестік
Қазақстан және Жапония: ядролық энергетика саласында маман дайындаудағы әріптестік
Қазақстанда соңғы ұрпақ реакторының құрылыс жобасы жасалуды. Жақында бұл жайлы Алматыда өткен ядролық және радияциялық физика жөніндегі ҮІІ халықаралық конференцияда айтылды. 22 елден келген ғалымдар атом энергетика, радиациялық экология және ядролық медицина саласында біріккен жобалар және зерттеулер жүргізу мәселесі талқыланды.
Жапонияның Атомдық энергетика Агенттігі (JAEA) өкілдерінің басқосуынан кейін қонақтар кезекті іс-сапармен мемлекеттің жетекші жоғары оқу орны -әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне келген еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Бақытжан Жұмағұлов іс-сапармен келген қонақтарды қарсы алып, JAEA-ның вице-президенті Уичи Хайясимен кездескен болатын.
Сөз басында жапон өкілінің басшысы Қазақстанның көрікті жерлерін айта келе, қазақстандық әріптестермен атомдық энергетика саласында бірлесе жұмыс істегісі келетіндігін айтты. Қазақстандағы жаңадан дамып келе жатқан салалық жұмыстардың болашағы жөнінде ой толғап, қазіргі таңда атомдық энергетика саласында мамандардың жетіспейтіндігін сөз етті. - Жақын арада қазақстандық және жапондық ғалымдар мен мамандардың қарым-қатынастарын нығайту қажет. Сондықтан Қазақстан мен Жапонияның ЖОО және кәсіп орындарындағы студенттер мен оқытушылардың білім алмасуына аса көңіл бөлген жөн, - деді өз сөзінде JAEA-ның вице-президенті аталмыш мәселенің маңыздылығын атап өтті. Жапон агенттігінің жетекшісі ұйымның құрылғанына көп жыл толмаса да, ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыра алатын қомақты қаржының барын мәлімдеді. Уичи Хайясидің пікірінше, оған жақын арада Қазақстанда ядролық энергетика саласын дамытуда мемлекеттік бағдарламаның іске асатындығы дәлел. |
Ректор Б. Жұмағұлов та өз кезегінде аталмыш қарым-қатынастың нығаюына қызығушылық білдірді. Сондай-ақ, ол JAEA басшылығының кезекті кездесуі жалғасын табатындығына сенім білдірді. Былтыр ЖОО-ның жетекшісі ядролық физика мен ядролық технология саласында білікті мамандарды дайындауда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Жапонияның Атомдық энергетика Агенттігінің Меморандумына қол қойған еді. «Биылғы жылдың қазан айынан бастап ҚазҰУ келісім-шартты толықтай жүзеге асыра бастайды. Жапонияның жетекші ғалымдары ҚазҰУ-дың физика факультетінің студенттеріне дәріс оқитын болады. Сондай-ақ, ортақ ғылыми көзқарастарымызды одан әрі байыта түспекпіз. Мәселен, оған экологиялық қауіпсіздік, т.б. мәселелерді жатқызуға болады», - деді ректор мырза.
Университет басшылығымен кездеспес бұрын жапондық өкілдер ҚазҰУ-дың физика факультетінің оқытушы-ғалымдар тобымен бас қосып, оқу үрдісіне білікті мамандарды дайындау, ядролық ғылым мен техника, инновациялық технологияларды енгізу жұмыстары жөнінде Халықаралық ғылыми-ағартушылық бірлестікті құру керектігін талқылады.
Б. Жұмағұловтың мәлімдеуінше, биылғы ҚазҰУ-дың 75-жылдық мерейтой апталығында екі жақты келіміге қол қойылатын болады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі