Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіміз 1934 ж ашылған еді. Сол кезеңде 94 студент, 25 оқытушы болған. Университетке1993 ж ғұлама ғалым, екінші ұстаз Әбунасыр әл-Фараби атамыздың есімі берілді. Бұл университет қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жетекші жоғарғы оқу орны ретінде мақтанышы. Жыл сайын осы университет қабырғасында білім алғысы келетін талапкерлер саны артуда екенін уақыт көрсетіп отыр.
Университтетте жаратылыстану бағытында көптеген факультеттер жұмыс істейді, осы факультеттерге тоқтала кетсек: Биология факультеті 1934 жылы ҚазМУ ашылғаннан бастап құрылған алғашқы факультеттің бірі. Құрамында 4 кафедра бар: биоалуантүрлілік және биоресурстар, биотехнология, молекулалық биология және генетика, биофизика және биомедицина, сондай-ақ биоклиника және агробиостанция.
Физика-техникалық факультеті - қазіргі физика-техникалық кластердің орталығы. Факультетте ғылыми-техникалық жобалар саны тұрақты өсіп келеді және де заманға сай жабдықталған жаңа зертханалар құрылуда.
География және табиғатты пайдалану факультеті. Факультетте Колумбиялық Университет (Нью-Йорк, АҚШ), Лиссабон Политехникалық Университеті (Португалия), Халықаралық табиғат, қоғам және адам университеті «Дубна» (Ресей) және басқа да шетелдік университеттермен бірлесе отырып ТМД мемлекеттерінің ішінде жалғыз, халықаралық «Тұрақты даму жөніндегі» ЮНЕСКО кафедрасы құрылған.
Медицина және денсаулық сақтау факультеті білім беру, ғылыми-әдіснамалық, сараптамалық-консалтингтік, консультативті-диагностикалық және халықаралық алаң болып табылады. Негізгі қызметі – Қазақстанда, Орталық Азияда қоғамдық денсаулық сақтау саласына қажетті мамандарды дайындау.
Механика – математика факультеті 1934 жылы негізі қаланған. Факультет математикадан, механикадан мамандар оқытып шығарады.
Химия және химиялық технология факультеті. Факультет 3 мамандық бойынша бакалавр, 8 мамандық бойынша магистрлар мен PhD докторларын дайындайды
Ақпараттық технологиялар факультеті 2018 жылдың 15 қаңтарында ашылды. Қазақстанда базалық лейтмотивті ақпараттық технологияны өмірдің барлық салаларында қолдану және дамыту болып табылатын «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданған болатын. Осы саладағы мамандарды дайындау мақсатында факультетте «Жасандыинтеллект және BigData» кафедрасы ашылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - Quac-quarelli Symonds (QS,Ұлыбритания), Thomson Reuters (США) агенттіктерінің зерттеулеріне сәйкес, дүние жүзі деңгейіндегі университеттер көрсеткіші бойынша әлемдік топ-университеттер рейтингінде 165 дәрежеге енген, БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның ұсынысымен Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық ықпал» бағдарламасына қабылданған әлемдік үздік университеттердің ортаңғы бөлігіндегі Орталық Азиядағы тұңғыш университет. Осындай көрсеткіштер ҚазҰУ – ін Қазақстан Республикасының аса ерекше, жетекші жоғарғы оқу орны деп айтуымызға толық мүмкіндік береді және мақтан тұтамыз.
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің оқытушылары Үсенбекова А.Е, Бекалай Н.Қ, Нурмаханова А.С