Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу

"Бейбітшілік, сот төрелігі және тиімді институттар" ТДМ 16-тармағын іске асыру аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының жетекші сарапшыларымен бірлесіп "Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу"тақырыбында студенттерге арналған семинар-тренинг өтті. Іс - шарада спикер: Алматы қаласының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, магистр, дінтанушы С. М. Әбдірахманов сөз сөйледі.
Семинар-тренингке "6b12301 құқық қорғау қызметі" және "6в04205 Құқықтану"Білім беру бағдарламалары бойынша 3 және 4 курс оқытушылары мен студенттері қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты-терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша зайырлы сананы, азаматтық ұстанымды қалыптастыру және оның алдын алу, Мемлекеттің зайырлы қағидаттарын түсіндіру және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ студенттер арасында діни сауаттылықты арттыру, экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі, деструктивті жалған діни ағымдардың зияндылығы туралы мәселелер қозғалды.
Басқа жаңалықтар


