Климаттың өзгеруімен күрес саясаты
Қазақстан бүкіләлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде, әріптестік пен бейбітшілік жағдайында тұрақты және үдемелі өсуді, әлеуметтік интеграцияны және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, жаһандық климаттық өзгерістерге бейімделу жолдарын белсенді дамытуда.
2023 жылдың басында «Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы» қабылданды. Оның алдында «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын» іске асыру, индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі үлкен және көпсалалы жұмыс жүргізілген.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абу-Дабиде (БАӘ, 2023 ж.) өткен Тұрақты даму жөніндегі саммитінде: «Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер қабылдады. Шын мәнінде біздің ел Париж келісімін алғашқылардың бірі болып ратификациялады. Осыдан кейін біз экономиканы әртараптандыруға және жаңартылатын энергия көздері мен тұрақты технологияларды ілгерілетуге бағытталған өршіл, бірақ ойластырылған саясатты тұжырымдадық», – деп атап өтті. Климаттың өзгеруінің салдарына бейімделуге бағытталған төмен көміртекті саясатты іске асыру жан-жақты болуы және экономиканың әртүрлі секторларын қамтуы тиіс және ғылыми, технологиялық және кәсіби кадрлармен қамтамасыз етуді трансформациялау міндеттері бұл ретте шешуші рөл атқарады.
Жоспарланған тұрақты даму мақсаттарын уақтылы жүзеге асыру үшін Қазақстанға және әлемнің басқа елдеріне озық технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандар, менеджерлер мен ғылыми қызметкерлер қажет. Олардың сапалы дайындығын университеттер қамтамасыз етуі тиіс. Университеттер өз зерттеулерін, саяси ұсыныстарын және студенттерге білім беру арқылы көміртегі бейтараптығы мен тұрақтылыққа қол жеткізу мәселелерін шешуде жетекші рөлдердің бірін атқарады.
Осыған байланысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық байланыстарды белсенді дамытып, көшбасшылық позицияны иеленуде. Сонымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті елдегі және аймақтағы United Nations Academic Impact (UNAI) бағдарламасына енген алғашқы университет болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті БҰҰ-ның RIO+20 жаһандық форумына арналған іс-әрекеттер бағдарламасы бойынша халықаралық консультацияларға белсенді қатысты, Азия, Еуропа және Латын Америкасы университеттерінің қатысуымен тұрақты даму үшін білім беру жөніндегі жеке панельдің бастамашыларының бірі болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тұрақты дамуды ілгерілету жөніндегі RIO+ 20 университеттерінің декларациясына алғашқылардың бірі болып қол қойды, Green Bridge through Generation виртуалды-коммуникативтік платформасы құрылды www.greenbridge.kaznu.kz.
Жаһандық қауымдастықтың бір бөлігі ретінде университет тұрақты дамудың барлық мақсаттарына қосқан үлестің бір бөлігі ретінде климаттық мәселелерді шешу үшін іргелі жұмыстарын жүргізуде. Университет ғалымдарының ғылыми зерттеулері қазіргі климаттың жаһандық және өңірлік өзгерістерімен; Қазақстанның климаттық жағдайымен; Қазақстан Республикасының ауа бассейнінің жай-күйімен; климаттың байқалатын және күтілетін өзгерістерінің өзен экожүйелеріне әсерімен және т.с.с. ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысты. Университеттің профессор-оқытушылар құрамының, жас ғалымдарының зерттеу нәтижелері Scopus және Web of Science базаларында индекстелетін монографиялар мен ғылыми жоғары рейтингтік басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын басылымдар тізбесінде жарияланады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің білім беру бағдарламалары университеттің климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы тәжірибелерін айқын көрсетеді. Студенттерге тұрақты дамуға байланысты тағылымдамалар мен оқу пәндерінің мүмкіндіктері ұсынылады, ал студенттік қоғамдар бірінші болып ашық сағаттар өткізеді. Университет студенттерді әлеуметтік жауапты әлем азаматы ретінде қалыптастыру мақсатында осы мәселелерді шешу үшін дағдыларды дамытуға бағыт алған. Айта кететін болсақ, студенттер тұрақты даму мақсаттарымен сала бойынша пәндерінде терең танысады; таза энергиямен және климаттың өзгеруімен байланысты пәндерді оқуға мүмкіндіктері бар; климаттың өзгеруіне қарсы күрес, тұрақты даму салалары бойынша тәжірибені, соның ішінде қоғамдастықпен оң қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік беретін бірқатар пәнаралық модульдер ұсынылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚазҰУ қалашығында көміртегі шығарындыларын азайту және биоәртүрлілікті арттыру бағдарламасына баса назар аударады. Климаттың өзгеруімен күресу бойынша университет саясаты ҚазҰУ қалашығында энергия тиімділігін жақсартуға, көгалдандыруға, инфрақұрылымын дамытуға, сонымен қатар елдің экожүйесіне интеграциялануына ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізу негізделген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «ЭКО офис» авторлық тұжырымдамасын құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде https://greenoffice.kaznu.kz/, энергия, ресурс үнемдеу, қалдықтарды азайту және экологиялық таза өңдеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын әзірленген бірегей критерийлерге негізделген.
Бұл бағдарламаның мақсаты – жұмыс, білім беру орындарында экологиялық жайлылықты арттыру, экологиялық және төмен көміртекті өмір салтына көшу, климаттың өзгеруіне қарсы күресте озық жасыл технологияларды тарту және насихаттау, сондай-ақ университет қызметкерлері мен студенттер арасында экологиялық сананы қалыптастыру.
ҚазҰУ қалашығында энергияны тұтыну мен шығарындыларды азайту университеттің климаттың өзгеруіне күресу саясатының басымдықтарының бірі болып қала береді және бұл мәселені энергияны тиімді басқару және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың ең ұтымды инновациялары арқылы жалғастырамыз.
Айна РЫСМАҒАМБЕТОВА,
PhD, география және табиғатты пайдалану факультетінің ғылыми-инновациялық қызметі және халықаралық байланыстар
жөніндегі декан орынбасары