«Жақсы денсаулық және әл-ауқат» ТДМ 3 іске асыру шеңберінде
7 қазан, 2023

2023 жылдың 7 қазанында біздің университет аумағында заң факультетінің студенттері мен кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен сенбілік өтті. Аумақты қоқыстардан тазарту және жасыл кеңістіктерге күтім жасау студенттердің тұруы мен оқуы үшін қолайлы жағдай жасайды.
Бүгінгі сенбілік тәртіпті, тазалықты орнатуға мүмкіндік берді, сонымен бірге пайдалы іс жасауға жиналуға тамаша себеп болды.
Университетіміздің аумағын тазарту бойынша сенбілікке қатысқан кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының барлық студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына, әсіресе топ кураторлары Б.Қалымбек, Р. Ережепқызы, Д. Тілегенова, М. Үмбетовке алғысымызды білдіреміз.
Басқа жаңалықтар

3 шілде, 2025