Білім және ғылым бағытында тәжірибе алмасуFarabi University

Білім және ғылым бағытында тәжірибе алмасу

10 қазан, 2023

Еліміздегі ғылым және жоғары білім беру саласында күн сайын осы бағыттағы күрмеуі күрделі мәселелерді шешу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы өте кең. Солардың ішінде қазіргі таңда берілген мүмкіншіліктердің бірі жоғары білім берудегі басты құжат оқу бағдарламарындағы  базалық және элективті пәндердің оқу жоспарын үнемі жетілдіріп, қоғамның ағымына қарай оңтайландырып, ғылым және өндіріспен байланыстыра отырып, дайындалатын мамандықтың паспортына сәйкестендіруде тынымсыз жұмыстар атқарылуда. Аталған жұмыстардың ішінде физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамымен Назарбаев университетінің инженерия және цифрлық ғылым мектебінің жетекші ғалымдарымен тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Жоғары білім беру саласында әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктерді оқу үдерісіне енгізуде, ол үшін жылма-жыл ұйымдастырылатын ғылыми жоба конкурстарына қатысу тәртібімен және жеңіп алу жолындағы атқарылатын шаралардың тиімділігі мен мүмкіндіктері жөнінде көп жылғы тәжірибесімен  PhD Ментбаева Алмагүл, ал “Технологиялық мамандықтарға физикалық химия пәнін оқыту ерекшеліктері және артықшылықтары" тақырыбында  PhD Нұрәже Нұршат бөлісті. Кафедра ұжымы екі бағыттағы пікірталасқа белсене қатысып, салыстырмалы талдаулардың негізінде өз білімдерін толықтырып ғана қоймай, алғы шарттар мен міндеттерде айқындалды. Алдағы уақытта тәжірибе алмасуды жоспарлы түрде жүзеге асырып, дәстүрге айналдыруға ортақ шешім қабылданды.