ТДМ 13 іске асыру шеңберінде.Farabi University

ТДМ 13 іске асыру шеңберінде.

24 қазан, 2023

2023 жылғы 24 қазанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы 3 курс студенттері үшін ТДМ 13: "Климаттың өзгеруіне қарсы күрес" жүзеге асыру аясында ғылыми семинар өткізді. Бұл ғылыми семинардың мақсаты климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу шараларын талқылау болып табылады. Ғылыми семинарға қатысушылар жаһандық жылыну мәселелеріне ерекше назар аударды. Іс-шараға Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ 3 курс, Заң факультетінің студенттері қатысты.